13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Сарыағаштық браконьерлерден 150 келіге жуық балық тәркіленді

27 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Сарыағаштық браконьерлерден 150 келіге жуық балық тәркіленді
Share on FacebookShare on Twitter

Сарыағаш АПБ-ның кезекші бөліміне жергілікті полиция қызметінің табиғатты қорғау полициясының инспекторлары Бексұлтан Кеңесов және Жанболат Сапарбеков Ақтөбе ауылдық округіне қарасты Қаракөл көлінен браконьерлер ұсталғаны жөнінде хабарлама жасады.

Оқиға орнына жеткен жедел-тергеу тобының қызметкерлері екі браконьердің көлден балық аулайтын үш ау торымен заңсыз балық аулап жатқандарын анықтады. Айғақты заттар тәркіленіп алынды. Сондай-ақ күдікті азаматтар сол ауылдың тұрғындары болып шықты.

Полиция қызметкерлері күдіктілерді істің барлық мән-жайын анықтау үшін аудандық полиция бөліміне жеткізді. Браконьерлерден 150 келіге жуық балық пен балық аулау құралдары тәркіленді.

Қазіргі уақытта аталған жайт ҚР ҚК-нің 335-бабы 3-бөлігі (Балық ресурстарын, басқа да су жануарларын немесе өсімдіктерді заңсыз аулау) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бүгінгі таңда екі күдікті азаматтың бас шарасы қолхатта.

Өз кезегінде, Түркістан облысының полицейлері азаматтарға заңсыз балық аулау, сондай-ақ Қызыл кітапқа енгізілген жануарлар мен өсімдіктерді жою заң аясында жауапқа тартылатынын еске салады.

Polisia.kz

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

«Nur otan»: Қазығұртта қарқынды жұмыс бар

Next Post

Түркістан облысында 4 мыңға жуық азамат кәсіпкерлік курсынан өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі