13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында 4 мыңға жуық азамат кәсіпкерлік курсынан өтеді

28 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында 4 мыңға жуық азамат кәсіпкерлік курсынан өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы азаматтарға кәсіпкерлік негізін үйретуді қолға алды. «Бастау Бизнес» жобасы аясында оқу курсына жалпы елімізде 10 733 адам өтініш білдірсе, оның 1317-сі өңірімізге тиесілі. Жоспарға сай Республика бойынша 30 мың адамды оқыту керек болса, оның 4 мыңға жуығы Түркістан облысынан. Бұл туралы Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы директоры Тимур Нақыпбеков мәлімдеді.

«Үміткерлер https://atameken.co сайты арқылы тестілеуден өтеді. Кейін оларға 12 модульден тұратын бейне сабақтар ұсынылады. Олардың арасында табысты кәсіпкердің ойлауы мен дағдылары, бизнес-идеяны таңдау, бизнес-жоспарлау, маркетингтік зерттеу, қаржылық сауаттылық, бизнесті құқықтық сүйемелдеу, салық салу және тағы басқа тақырыптар қамтылады. Оқуды сәтті аяқтаған тыңдаушылар мемлекеттен 200 АЕК көлемінде грант алу байқауына қатысуға мүмкіндік беретін сертификат алады. Сондай-ақ, 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» бағдарламасы аясында өз жобаларын 6% жеңілдікпен қаржыландыру мүмкіндігі бар», – деді Т.Нақыпбеков.

Тыңдаушы соңғы тестілеудің қорытындысымен 12 балл (60%-дан жоғары) жинаса, оған бизнес-жоспар конструкторы ашылады. Бизнес-жоспар баллдық жүйемен бағаланады. 18 балл жиналса (60%-дан жоғары) қатысушы сертификат алады. Егер қатысушы тестілеу бойынша шекті баллды жинай алмаса, ол тестілеуден қайтадан өте алады. Мұндай мүмкіндік үш рет беріледі.

Айта кетейік, Жұмыспен қамту орталығы беретін жолдама 30 күнтізбелік күнге дейін жарамды. Демек, алғашқы лекке үлгермеген үміткерлер келесі лекке жазылуға мүмкіндік алады. Екінші лекке тіркеу 17 мамырда, үшінші лекке 14 маусымда, төртінші лекке 12 шілдеде, бесінші және алтыншы лектерге 9 тамыз бен 6 қыркүйекте басталады.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Сарыағаштық браконьерлерден 150 келіге жуық балық тәркіленді

Next Post

Жаңа әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінде медиацияға басымдық беріледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі