13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда екі мыңға жуық отбасы әлеуметтік көмекті иеленді

23 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Бірінші тоқсанда 1791 отбасына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған

Түркістан қаласы бойынша 2021 жылдың 3 айында, яғни бірінші тоқсанда 1791 отбасына Атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Оның ішінде 1284 отбасы шартты түріне, 507 отбасы шартсыз түріне ие болды. Атап айтқанда, 1791 отбасының 9627 адамына 264 850,1 мың теңге төлем жүргізілді.

Облыс орталығында аз қамтылған азаматтардың үлесі төмендеген. Яғни 2020 жылы аз қамтылғандар үлесі 14,1 пайызды құраса, 2021 жылы 9,1 пайызды құрап отыр. Одан өзге, Атаулы әлеуметтік көмек алушы отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 2397 балаға кепілдендірілген әлеуметтік топтама тағайындалды.

Атаулы әлеуметтік көмекке құжат тапсыру үшін жеке куәлікпен өз үй жағдайында немесе Халықтық кеңсеге барып egov.kz порталы арқылы немесе Халықты жұмыспен қамту орталығына өтініш білдіре алады. Сондай-ақ, Халықты жұмыспен қамту орталығының мамандары Ақпараттық жүйеден тиісті құжаттар бойынша сұрау салады. Болмаған жағдайда өтініш иесінен талап етіледі. Өтініш иесінің отбасылық табысының күнкөріс деңгейі және мұқтаждығы анықталып, шартты не шартсыз түрін алу бойынша шешім шығарылады.

Айта кетейік, екінші тоқсан бойынша Атаулы әлеуметтік көмек алудың 2021 жылы күн көріс деңгейі 33 190 теңге, кедейлік шегі 23 233 теңге болып бекітілді.

 

 

Previous Post

Көшбасшылар бастауыш партия ұйымдары арқылы шыңдалады

Next Post

Шымкенттік депутаттар 1000 отбасыға азық-түлік таратты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі