13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік депутаттар 1000 отбасыға азық-түлік таратты

23 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік депутаттар 1000 отбасыға азық-түлік таратты
Share on FacebookShare on Twitter

Мәслихат депутаттары 1000 отбасыға азық-түлік себеттерін тарту етті

Қасиетті Рамазан айында Шымкент қаласы мәслихатының депутаттары 1000 отбасыға азық-түлік себеттерін тарту етті, деп хабарлайды қалалық мәслихаттың баспасөз қызметі.

Ізгі шара қала әкімі Мұрат Әйтеновтің «Рамазан – қайырымдылық айы» атты акциясын қолдау барысында өткізілді.

Қаладағы орталық «Ақмешіт» мешітінде бастау алған шарада Шымкент қаласы мәслихатының хатшысы Бахадыр Нарымбетов сөз алып, қала тұрғындарын барша мұсылмандарды мың айдан да қадірлі қасиетті Рамазан айымен құттықтап, әлеуметтік әлсіз топтағы, мүмкіндігі шектеулі отбасыларға азық-түлік себеттерін таратып, құрбандыққа шалынған сиыр етін үлестірді.

— Өздеріңіз білесіздер, қала әкімі Мұрат Дүйсенбекұлы «Рамазан – қайырымдылық айы» атты акцияға үлес қосуға шақырған болатын. Сол үрдісті мәслихат жалғастырып отыр. Бүгін біз 1 мың азаматқа «Ауызашар қоржынын» жеткізіп отырмыз. Осындай іс-шаралар арқылы елдің бірлігі, ынтымағы нығаяды деп ойлаймын. Бүгінгідей қиын-қыстау уақытта бір-бірімізге қол ұшын созып, жәрдем беру ең алдымен имандылық, азаматтық парыз деп ойлаймын, — деді Бахадыр Мәдәліұлы.

Сонымен қатар орталық мешіттен бастау алған қайырымдылық акциясы өз ретімен жалғасты. Қаламыздың мәслихат депутаттары да белсенділік танытып, қаладағы төрт аудан бойынша 8 мешітке барып, мұқтаж отбасыларға әлеуметтік көмек көрсетті.

Көрсетілген көмекке ризашылық көңілдерін білдірген қала тұрғындары мәслихат депутаттарына алғыстарын айтып, батасын беріп тарқасты.

Естеріңізге сала кетейік, мұқтаждарға таратылып жатқан азық-түлік себеттері Аудан әкімдігі мен мешіт имамдары бірлесе жасақтаған тізімі бойынша берілуде. Рамазан айында өткен қайырымдылық акциялары Шымкент қаласының мәслихаты есебінен ұйымдастырылды. Іс-шаралар барлық санитарлық талаптар мен карантин ережелерін қатаң сақтай отырып өткізілді.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістанда екі мыңға жуық отбасы әлеуметтік көмекті иеленді

Next Post

Арыстық ардагерлер рухани астана - Түркістан қаласының құрылысымен танысты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі