13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Президент Түркістан облысы әкімінің есебін тыңдады

16 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Президент Түркістан облысы әкімінің есебін тыңдады
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен өңірде қалыптасқан қазіргі санитарлық-эпидемиологиялық және әлеуметтік-экономикалық ахуал туралы телефон арқылы сөйлесті.

Түркістан облысының әкімі Президентке коронавирустың таралуы бойынша өңірдің қазіргі таңда «жасыл» аймақта екенін және 35 мың тұрғынның вакцина алғанын баяндады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа жаңа Сауран ауданын құру жұмыстарының барысы туралы мәлімет берілді. Өмірзақ Шөкеевтің айтуынша, қазір жаңа әкімдіктің басқару жүйесі мен бюджеті бекітілуде. Жуық арада құқық қорғау органдары мен министрліктердің жергілікті бөлімшелері жұмыс істей бастайды. Жаңадан құрылып жатқан ауданның халқы 100 мыңнан асады, жалпы аумағы 650 мың гектарға жуық. Ауданның әкімшілік орталығы Шорнақ ауылы.

Сонымен қатар әңгімелесу барысында электр қуатының апаттық жағдайда сөнуінен болған зардаптарды қалпына келтіру, көктемгі су тасқынының алдын алу және егіс науқанына судың жетіспеушілігі проблемасын шешу мәселелеріне баса мән берілді.

Мемлекет басшысы облыс әкіміне өңірдегі санитарлық-эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға және азаматтарды вакциналау жұмыстарын жандандыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Бокстан белгілі бапкер Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

Next Post

Түркістанда жаңа су қоймасы салынды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі