13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бокстан белгілі бапкер Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды

16 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Бокстан белгілі бапкер Әбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған халықаралық турнир басталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанда Қазақстан Тəуелсіздінің 30 жылдығы мен даңқты боксшы, КСРО-ға еңбек сіңірген спорт шебері Əбдісалан Нұрмахановты еске алуға арналған ересектер арасында бокстан халықаралық турнир басталды. Биыл XXVII-ші рет ұйымдастырылған бокс додасына еліміздің барлық облыстары мен Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан елдерінен ең таңдаулы деген спортшылар қатысуда.

Кезінде бокстан ұлттық құраманың бас бапкері болған, республикамызда бокс спортының дамуына өзіндік үлесін қосқан жерлесіміз Əбдісалан Нұрмахановтың өнегелі өнерін жалғастырып келе жатқан талантты боксшылар көп. Шаршы алаңға шығып, ел намысын қорғап жатқан қазақстандық боксшылар жүлделі орындардан басты үміті. Білікті бапкер болған Əбдісалан Нұрмахановтың жұбайы Күлпəш Шəймерденова бұл халықаралық турнирге Алматыдан арнайы келді.

Халықаралық жарысты жоғары деңгейде Түркістан облысы əкімдігі мен облыстық дене шынықтыру жəне спорт басқармасы, сонымен қатар №5-ші олимпиадалық спорт мектебінің ұжымы ұйымдастырды. Жарыстың салтанатты ашылу рəсімінде Түркістан облысының дене шынықтыру жəне спорт басқармасының басшысы Қанат Жолдықараев сөз сөйлеп, былғары қолғап шеберлеріне сəттілік тіледі. Турнирге еліміздің мақтанышы, бокстан  Сидней олиипиадасының күміс жүлдегері Мұқтархан Ділдəбеков те арнайы қатысты. Ал, облыстық №5-бокс мектебінің директоры Сейітжан Жанысбаев дəстүрлі бокс додасының халықаралық деңгейде жыл сайын ауқымы кеңейіп жатқанын айтты. Халықаралық додада түркістандық саңлақтар да өздерінің мықтылықтарын көрсетуді басты мақсаттары санайды.

Жекпе-жекте тек мықтылар жеңіске жетеді. Бұл турнирде еліміздің  боксшылары тамаша өнер көрсетіп, ел  мерейін үстем етпек. Естеріңізге сала кетеміз турнир жеңімпаздары 19 сәуір күні белгілі болады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

 

Tags: 13кзспортТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Сайрам ауданында қызметтік пәтерлер бой көтерді

Next Post

Президент Түркістан облысы әкімінің есебін тыңдады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі