13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда жаңа су қоймасы салынды

16 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда жаңа су қоймасы салынды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістанның іргесінде жаңадан салынған Кеңсай-Қосқорған-2 су қоймасына су келді. Осылайша мол су қоры жоқ шаһардағы ағын су мәселесі шешіле бастады. Қарасу өзенінің мөлдір, таза суын сақтауға арналған жаңа қойманың іске қосылуы  су тасқыны құбылыстарының қаупін азайтуға да сеп болмақ.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеевтің бастамасымен өткен жылы қолға алынған жаңа жоба жүзеге асты. Ауқымды құрылысты  жеке бақылауында ұстаған облыс әкімі бүгін ел игілігі үшін қолға алынған тағы бір тындырымды істің аяқталғанына куә болды.

«Болашақта Кентау мен Түркістанның арасы оазиске айналады. Жаңа су қоймаларының саны артады. Бұл өңірде балық дамытуға септігін тигізеді. Су қоймаларының жағалауында демалыс аймақтары ашылады. Осылайша суды тиімді пайдаланып, оны сақтап, суармалы жерлерге жұмсауға болады», – деді шаһардағы су қоймаларының құрылысын бақылаған өңір басшысы Өмірзақ Шөкеев.

Түркістан облысында ағын су тапшылығын шешу мақсатында ірі су нысандарының құрылысы жүріп жатыр. Сыйымдылығы 18 млн.м3 су қоймасына 1 млн.м3 су жиналды. Алдағы уақытта 10 млн.м3 дейін жеткізу жоспарлануда. Қазіргі таңда үлкен дамбы биіктігі 27 метрге дейін көтеріліп, жоғарғы бефі 40 % бетонмен қапталды. Кіші дамбы толықтай тұрғызылып, жоғары бьефі 60 % бетонмен қапталды. Су әкелетін каналдың 9,8 толықтай бетонмен қапталды. Су жеткізуші каналдың 14,5 шақырымы қазылды. Жоба толық іске асқан жағдайда Түркістан өңіріне қосымша жылына 34 млн.м3 ағын су жеткізілетін болады.

«Түркістан облысын әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2024 жылға дейінгі кешенді жоспары» аясында ағын су тапшылығын шешу мақсатында «Түркістан магистралдық арнасы» күрделі жөндеуден өтуде. Сыйымдылығы 18 млн. текше метр Кеңсай – Қосқорған-2 су қоймасы салынып, Жетікөл көлдер жүйесін қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Түркістан магистралдық каналын толтыру үшін Сырдария өзенінен машиналық канал салынуда. Нәтижесінде, жылына ағын су пайдалану көлемі 195,4 млн. текше метрге артып, жыл сайын қосымша 14,7 млрд. теңгенің өнімін өндіру мүмкіндігі пайда болады. Өңір басшысының тапсырмасына сәйкес, облыс аумағындағы барлық су арналары цифрлы жүйеге көшеді.

Tags: Туркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Президент Түркістан облысы әкімінің есебін тыңдады

Next Post

Үш айлық нәресте түйрегіш жұтып қойған

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі