13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін «шақырту қоңыраулары» орнатылуда

15 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін «шақырту қоңыраулары» орнатылуда
Share on FacebookShare on Twitter

Облыс орталығында ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін біршама бастамалар қолға алынуда. Инклюзивті орта құру мақсатында жүзеге асып жатқан жұмыстардың бірі – шақырту батырмасы. Шақырту батырмасы ерекше қажеттілігі бар азаматтардың әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында орнатылуы қолға алынған.

Яғни, ғимаратқа кірер алдында қоңырау басар болса, күзетшілер немесе қызмет көрсететін адамға хабар беріліп, көмек қолын созады.

Қaзіргі таңда, Түркістан қаласы әкімдігі ғимаратымен қатар бірнеше қала әкімдігіне қарасты дербес бөлім ғимараттары мен жекеменшік мекемелерде шақыру батырмалары бар. Дегенмен, көптеген кәсіпкерлік нысандарда пандустар мен шақырту қоңырауларының жоқтығы рейд барысында белгілі болған. Атап айтқанда, қонақ үйлер, дүкендер, дәмханалар, музей, банк, вокзал және басқа да біршама нысанда пандус немесе шақырту қоңырауы қойылмаған.

Мүмкіндігі шексіз азаматтарға қолайлы жағдай жасау мақсатында нысан иелеріне «ҚР мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы» ҚР 2005 жылғы 13 сәуірдегі №39 заңына сәйкес ескерту беру ұсынылды. Бүгін апталық мәжіліс кезінде Рашид Абатұлы инклюзивті қала жасау мақсатында жыл басында қолға алынған шараларды жандандыру бойынша тапсырма берді.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан: Сovid-19 вирусын жұқтырған әйел босанды

Next Post

Түркістан: Жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған басшылар айыппұл төлейтін болады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі