13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Сovid-19 вирусын жұқтырған әйел босанды

15 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Сovid-19 вирусын жұқтырған әйел босанды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында  COVID-19  індетімен ауыратын 20 жастағы жүкті  әйел дәрігерлердің көмегімен аман-есен босанды. Ол Сайрам аудандық инфекциялық ауруханасына жүктіліктің  39 аптасында  ЖРВИ симптомдарымен амбулаторлық қабылдауға жеткізілген. Сынама нәтижесі оның коронавирус инфекциясын жұқтырғанын көрсетті. Айы – күні толып, толғағы қысқан әйел мен оның сәбиінің өмірін аман алып қалу үшін шұғыл түрде білікті дәрігерлердің қатысуымен арнайы консилиум өткізілген.

Әйел аман-есен тұңғышын дүниеге әкелді. Нәрестенің салмағы 3400 гр. Одан бірден коронавирусқа сынама алынды. Жаңа туған ұл бала анасынан оқшауландырылды. Текст қорытындысы нәрестенің бойынан  COVID-19 инфекциясының табылмағанын көрсетті. Мамандардың айтуынша, сәбидің жағдайы жақсы.  Жеке бокста, дәрігерлердің жіті бақылауында. Анасының да жағдайы бірқалыпты.

Айта кетейік, былтыр өңірде короновирус инфекциясын жұқтырған 122 жүкті әйел аман-есен босанған. Түркістан облысында жыл басынан бері 15 мыңға жуық сәби дүниеге келген. 2020 жылы өңірде 61 274 нәресте туылған.  Түркістан облысы бала туу көрсеткіші бойынша елімізде көш бастап тұр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Түркістан қаласында 1337 оқушы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады

Next Post

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін «шақырту қоңыраулары» орнатылуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі