13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан: Жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған басшылар айыппұл төлейтін болады

15 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан: Жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған басшылар айыппұл төлейтін болады
Share on FacebookShare on Twitter

Брифинг барысында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басышысының бірінші орынбасары Мирас Қарғабай ҚР Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы Кодексіне енгізілген өзгерістерге сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдамаған лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тартылатынын жеткізді.

Сондай-ақ, ол мемлекеттiк функцияларды орындауға уәкiлеттiк берілген тұлғаның өзi немесе делдал арқылы заңсыз материалдық сыйақы алып, егер бұл әрекеттерде қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлері болмаса, жоғарыда аталған лауазымды адамдар үшін жаза 600 айлық есептік көрсеткіш немесе шамамен 1,8 млн. теңге айыппұл төлейді

«Егер алынған заңсыз сыйақының немесе сыйлықтың сомасы 2 айлық есептік көрсеткіштен аспаса, әкімшілік жауапкершілікте болады. Сыйақылар, сыйлықтар немесе жеңілдіктер бергені үшін жеке тұлғалар 200 АЕК көлемінде айыппұл төлейді, бұл шамамен 600 мың теңге», деді — Мирас Асқарбайұлы.

Сондай-ақ, брифингке қатысқан «Түркістан — Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Гүлзия Қарсыбай ағымдағы жылы атқарылған жұмыстарға тоқталды.

«Жобалық кеңсе қоғамдық бақылауды жүзеге асыруда түрлі салаларға қоғамдық мониторинг жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде кемшіліктерді дер кезінде қалпына келтірілуде. Мәселен, 2021 жылы «Сапалы жол» жобасы аясында 4 қала/ауданда мониторинг жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде жол саласындағы анықталған 29 бұзушылық бойынша әкімдік пен мердігер компанияларға қалпына келтіру бойынша ұсыныс жасалды», — деді Гүлзия Нұрғалиқызы.

Бизнес пен инвесторларды қорғау бойынша Түркістан облысында 2021 жылы құны 42 млрд теңгеден аса 10 ірі кәсіптік субъект сүйемелдеуге алынған. Сонымен қатар, 2020 жылы Түркістан облысы бойынша ашық бюджеттердің интерактивті картасында 1,4 трлн теңгеден аса сомаға 3 497 бюджет жарияланған және аталған ақпараттық жүйеге жасалған қоғамдық мониторинг нәтижесінде 13 млн теңге қаражат үнемделген.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін «шақырту қоңыраулары» орнатылуда

Next Post

Түркістанға 3000 жыл атты дөңгелек үстел өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі