13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Арыс қаласында карантин талаптарын қадағалайтын мобильді топтардың жұмысы күшейтіледі

9 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Арыс қаласында карантин талаптарын қадағалайтын мобильді топтардың жұмысы күшейтіледі
Share on FacebookShare on Twitter

Арыс қаласының әкімі Г.Құрманбекова денсаулық сақтау мекемелерінің басшыларымен кездесті. Басқосуда атқарылған жұмыстардың есебін тыңдап, нақты тапсырмалар жүктеді. Жалпы Арыс қаласы бойынша 2020 жылы 181 азаматтан коронавирус инфекциясы анықталса, 2021 жылы бұл дертпен ауырғандардың саны қазіргі таңда 23-ке жетіп отыр. Қала мен шаһар аумағында карантин режимінің сақталуын қадағалайтын 8 мобильді топ құрылған. Биылдың өзінде жыл басынан карантин режимін бұзған 115 азаматқа Әкімшілік құқық бұзушылық Кодексіне сәйкес хаттама толтырылған.

Жиында қала әкімі аталған дертпен ауырғандар санының артуына байланысты жүйелі шаралар қабылдаудың маңыздылығына назар аударды. Атап айтқанда, Арыс қаласындағы мониторингтік топтардың жұмысын жүйелі түрде жүргізіп, жандандыру керектігі туралы нақты тапсырма берді. Сондай-ақ, бұқаралық ақпарат құралдарымен қатар, дауыс зорайтқыш арқылы қала тұрғындары көп шоғырланатын орындарда коронавирустың алдын алу шараларын хабарлау жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Гүлжан Мамытқызы өз сөзінде індет жұқтырғандардың барынша нақты есебін алу — вируспен күрестің басты талабы екенін айтты. Барлық денсаулық сақтау ұйымдарын індеттің алдын алу шараларына толық дайын болуын қамтамасыз етуді міндеттеді. Індетпен күресу үшін шұғыл күш жұмылдыруға және құралдармен жабдықтауға дайын болуы қажеттігін жүктеді. Коронавирус індетімен қатты ауырған науқастарды емдеуге қажетті дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдардың жетіспеушілігінің алдын алу, шаралар қабылдау үшін ұсыныс енгізуді тапсырды.

Қала әкімі қоғамдық орындардағы санитарлық жағдай және азаматтар көп шоғырланатын жерлердегі әлеуметтік қашықтықтың сақталуына кәсіпкерлермен қатар ішкі істер саласының қызметкерлерінің жауапты екенін ескертті. Сөз соңында пандемиямен күресте алдыңғы шепте жүрген азаматтарға ризашылығын білдірді.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызмметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамаған 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды

Next Post

Түркістан өңірінде екпе салатын 80 пункт ұйымдастырылды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі