13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамаған 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды

9 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан облысында карантин талаптарын сақтамаған 7 тойхананың жұмысы тоқтатылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында карантин талаптарының сақталуын қадағалау мақсатында мобильді топтар құрылған. Олардың жалпы саны — 104. Жыл басынан бері мобильді топ құрамы мен полиция қызметкерлері 87730 нысанды аралап, 1745-нен карантин талаптарын бұзғаны анықталған. Талапқа бағынбаған 7 тойхана мен 1 компьютерлік клубтың жұмысын уақытша тоқтату бойынша сот шешімі шықты. Бұл туралы брифингте облыстық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Асқар Ысқақов мәлімдеді.

«Карантин талаптарын сақтамағандардың қатарында жеке кәсіпкерлер саны — 46, заңды тұлғалар — 2, лауазымды тұлғалар — 26, жеке тұлғалар — 1671. Тыйым салынған 235 мерекелік іс-шара тіркелді. Сондай-ақ, 51 көкпар ұйымдастырылғаны белгілі болды. Бұдан бөлек, көпшілік орында бетперде тақпау, қоғамдық тамақтану орындарының жұмыс режимін сақтамауы сынды деректер тіркелуде. Мәселен, бір күннің ішінде Сайрам, Сарыағаш, Мақтарал, Отырар, Ордабасы, Қазығұрт аудандарында 7 отбасылық мереке ұйымдастырылған. Жалпы нәтижесінде ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 425 бабының 1-бөлігі бойынша 98 580 015 теңге айыппұл салынды. Сондықтан барша облыс тұрғындарын карантин талаптарын сақтауға шақырамыз», — деді Асқар Бекболатұлы.

Облыстың Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері кәсіпкерлердің жұмысына жеңілдік жасап, тұрғындар үшін тамақтану орындарының жұмыс режимін 9:00-23:00-ге дейін ұзарту туралы қаулы шығарған болатын. Дегенмен, қаулыда көрсетілген уақыт режимін сақтамаған 75 қоғамдық тамақтану орындары анықталған.

Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

 

Previous Post

Түркістан облысында жайылымдарды 100% сумен қамтитын жоба жүзеге асырылып жатыр

Next Post

Арыс қаласында карантин талаптарын қадағалайтын мобильді топтардың жұмысы күшейтіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі