13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістан өңірінде екпе салатын 80 пункт ұйымдастырылды

9 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістан өңірінде екпе салатын 80 пункт ұйымдастырылды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан облысында жаппай вакцинация басталды. Осы орайда, коронавирусқа қарсы вакцина салдыру пункттерінің саны артты. Бұған дейін облыс бойынша 50 медициналық мекемелерде инфекцияға қарсы вакцинациялау жұмыстары жүргізіліп келсе, қазір екпе егу пунктерінің саны 80-нен асты. Ал, Түркістан қаласында 1-ден 10-ға дейін  көбейді. Егу пункттері барлық қажетті заттармен қамтамасыз етілген және санитарлық талаптарға сәйкес келеді.

Өңірге тағы 10 мың доза СПУТНИК-V вакцинасы келіп жетті. Қатерлі індетке қарсы екпені 24  мыңға жуық адам қабылдады. Оның 14 538 медициналық қызметкер болса, 6700 педагогтар мен 621 полиция қызметкерлері. Бұдан бөлек өзге топтағы – 668. Облыста 22 ақпаннан бастап екінші компонентпен (ревакцинация)  10 415 адам вакцина салдырды. Екінші рет медицина мамандары – 8496. Мұғалімдер – 1465 болса, құқық қорғау органдары – 347.  Өзгелер – 29.

Соңғы тәулікте  Түркістан облысында 23 адамда COVID-19 індеті анықталды. Тәуліктік өсім 0,49 % құрайды. Жалпы облыста пандемия белең алағалы 592 374 ПТР- сынамалары алынған. Ал, соңғы тәулікте  зертханаларда 3233 адам тексерілді. Жұқпалы аурулар ауруханасында барлығы 610 орын бар, олардың 357 бос.

Түркістан облысына қарасты вакцина сақтайтын қоймасына көлемі 601 литр құрайтын 2 мұздатқыш жеткізілді. Сонымен қатар, облыстық бюджет есебінен көлемі 143 литр құрайтын 20  мұздатқыш жеткізілді. Вакцинация жүргізуге арналған 65 пунктер толық тоңазытқышпен жабдықталған. Бұдан бөлек, вакцинаны тасымалдайтын көлемі 50 литр құрайтын 38 термоконтейнер толық қамтамасыз етілді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

 

Previous Post

Арыс қаласында карантин талаптарын қадағалайтын мобильді топтардың жұмысы күшейтіледі

Next Post

Түркістан қаласында бірыңғай билет жүйесі енгізіледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі