13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өмірзақ Шөкеев жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді

2 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Өмірзақ Шөкеев жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді
Share on FacebookShare on Twitter

Жетісай, Мақтарал, Келес аудандарының тұрғындарымен кездескен облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев олармен бірге бірқатар өзекті мәселелерді талқылады. Үш аудан азаматтары мен әкімдері бас қосқан жиында жайылым мәселесіне қатысты ойлар ортаға салынды. Қазіргі уақытта, малдың көбі қыстақ пен жайлаудан гөрі ауыл маңында жайылады. Сондықтан ол жерлердің табиғи өнімділігі жыл сайын төмендеп келеді. Мал басының артуы да жердің тарлық етуіне әкеліп соғуда. Оның үстіне көп жерлер жеке қолда. Мәселені ретке келтіру жұмыстары Түркістан облысында үш жылдан бері жүргізіліп келеді. Үш аудан азаматтарымен жүздескен облыс әкімі жергілікті билік пен жауапты тұлғаларға жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді.

Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев бір алқаптан 2-3 өнім алу бойынша “Сабыр” шаруа қожалығының атқарып жатқан жұмыс барысымен танысып, жұмысшылармен кездесті. Қырыққабат егіп, алғашқы өнім алуға дайындалып жүрген диқандар бұл тәсілдің тиімділігінің қыр — сырымен бөлісті. Бірінші өнімді жиып алған соң олар қарбыз егуге көшеді. Тиімділігін дәлелдеген тәсілге жүгінгендер, жылына 1 га жерден 8 млн теңгеге дейін пайда табады.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Previous Post

Су тасқынының алдын алу үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде

Next Post

Түркітілдес мемлекеттердің бейресми саммиті табысты аяқталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі