13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Су тасқынының алдын алу үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде

2 апреля, 2021
in Жаңалықтар
0
Су тасқынының алдын алу үшін қарқынды жұмыстар жүргізілуде
Share on FacebookShare on Twitter

Ел аумағында су тасқыны жағдайы тұрақты. Өткен тәулікте үйлерді су басу және жолдарды су шаю фактілері тіркелген жоқ. Бұл туралы ҚР ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли хабарлады.

ТЖМ ахуалдық орталығында республикалық жедел штаб жұмыс істеуде. Мұндай штабтар Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында да іске қосылған.

Көктемгі су тасқынынан туындаған ТЖ-ның қауіп-қатерін азайту мақсатында өңірлерде жергілікті атқарушы органдардың және ТЖМ бөлімшелерінің күштері профилактикалық жұмыстар жүргізуде.

Ақмола облысының Есіл және Бұланды аудандарында жалпы ауданы 2500 шаршы метр Боқсық, Қызыл-су және Жаңаспай өзендерінде мұз қабатын әлсірету бойынша мұз жару жұмыстары жүргізілді. Ол үшін 354 келі жарылғыш зат пайдаланылды.

Целиноград және Жарқайың аудандарында көшелер мен аула аумақтарынан 530 текше метр еріген қар суы сорылды.

Көкшетау қаласы, Атбасар және Целиноград аудандарында инертті матералдар толтырылған 870 қап дайындалып төселді. Сондай-ақ 200 метр бөген нығайтылды.

11 ауданда (Ақкөл, Аршалы, Бұланды, Бурабай, Ерейментау, Есіл, Жақсы, Қоржалжың, Сандықтау, Целиноград, Шортанды) және Көкшетау қаласында 12 918 метр арна мен арық тазартылды және 41,181 текше метр қар шығарылды.

Шығыс Қазақстан облысының Семей қаласы мен Бесқарағай ауданында көшелер мен аула аумақтарынан 765 текше метр еріген қар суы сорылды.

Көкпекті ауданының Самарское ауылында ТЖМ 52859 әскери бөлімінің мамандары халықтың әлеуметтік осал тобына көмек көрсетуде (аулаларды қар мен мұздан тазартты, арықтар мен арналарды тазартылды).

Алтай ауданында (Алтай қ., Малеевск к., Зубовск к.) су тасқыны жағдайында іс-қимыл тәртібі бойынша халықпен жұмыс ұйымдастырылды (51 үй), 120 қап инертті материалмен толтырылды. Ұзындығы 850 метр су құбы мен арна тазаланды.

Батыс Қазақстан облысының Орал қаласында, Бөрілі және Тасқала аудандарында көшелер мен аула аумақтарынан 1400 текше метр еріген қар суы сорылды.

Қарағанды облысының Осакаров және Шет аудандарында инертті материалдар салынған  1100 қап дайындалып төселді.

6 ауданда (Ақтоғай, Бұқар Жырау, Нұра, Қарғалы, Осакровка, Ұлытау), Қарағанды, Теміртау және Жазқазған қалаларында жолдарда 84 метр  су өткізу құрылысы тазартылды, 1535 текше метр қар шығарылды.

Профилактикалық жұмыстарды жүргізуге ТЖМ, жергілікті атқарушы органдардан, Полиция департаментінен және ұйымдардан 944 адам және 453 бірлік техника, 32 мотопомпа жұмылдырылды.

 ҚР ТЖМ баспасөз қызметі

 

 

Previous Post

Бөлшек сауда дүкендеріне Виртуалдық қоймалар жасау керек емес

Next Post

Өмірзақ Шөкеев жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі