13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Түркітілдес мемлекеттердің бейресми саммиті табысты аяқталды

3 апреля, 2021
in Мәдениет
0
Түркітілдес мемлекеттердің бейресми саммиті табысты аяқталды
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан — түркі әлемінің рухани астанасы

«Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында өткен Түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінің бейресми саммиті табысты аяқталды. Түркітілдес елдердің басшылары бас қосқан стратегиялық маңызы зор жиында соңғы онжылдықтарда түркітілдес мемлекеттер қол жеткізген айтарлықтай саяси және әлеуметтік-экономикалық прогресс, Түркі әлеміндегі көпжақты қарым-қатынастардың дамуы, түркі мемлекеттері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету сөз болды. Сонымен қатар, Саммит аясында Түркістан декларациясы қабылданып, «Түркістан – Түркі әлемінің рухани астанасы» ретінде ресми белгіленді.

Осыған орай, бүгін «Түркістан-Түркі әлемінің рухани астанасы» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш жиынға Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов және жергілікті ғалымдар, облыстық этномәдени бірлестіктердің мүшелері мен белсенді жастар қатысты. Жиынды ашқан облыс әкімінің орынбасары Сәкен Амангелдіұлы: «Түркістан — сан ғасырлық тарихы бар қасиетті мекен, Еуропа мен Азияны тоғыстырып жатқан Ұлы Жібек жолының күретамыры, Қазақ хандығының астанасы болған. Келісім, татулық, бауырмалдық сияқты асыл қасиеттерді ұран етіп алған Саммиттің Түркістан тақырыбына арналуы да – заңдылық. Саммит барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Түркі өркениетін жаңғыртуды Түркістанды әлемге танытудан бастауға шақырамын» деп Түркі елдерінің басшыларына маңызды үндеу тастады.

Бұл – Түркістанның алдағы уақытта да бауырлас елдерге ортақ рухани астана ретінде дами беретіндігінің дәлелі» деп барша Түркістандықтарды осы тарихи кезеңнің басталуымен құттықтады.

Жиында сөз алған ғалым, философ-дінтанушы, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-түрік университетінің Түркология ғылыми–зерттеу институтының директоры Досай Кенжетай Ясауи тұлғасы жайлы тың-деректер мен маңызды ойларын ортаға салды.

Сонымен қатар, Қ.Ясауи атындағы Халықаралық Қазақ-Түрік университетінің Вице-Президенті, педагогика ғылымдарының кандидаты, философия ғылымдарының докторы Әбуов Әміреқұл, облыстық өзбек этномәдени бірлестігі төрағасының орынбасары Гулирано Расулова, облыстық татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрағасы Фарит Аюпов, облыстық түрік этномәдени бірлестігінің мүшесі Хусейн Пазаевтар сөз алып, Түркістанның Түркі жұртына ортақ рухани астана ретінде дамуы-түбі бір бауырлас елдердің ынтымақ-бірлігінің артуына ықпал ететіндігін жеткізді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзТуркестанская областьТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Өмірзақ Шөкеев жайылымдық жер мәселесін реттеуді жүктеді

Next Post

Түркістан декларациясын қабылдау-Түркістанды мойындау

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі