13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Cаясат

ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкентте «Әділет» партиясынан қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар «ATEX» цехының еңбек ұжымымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген міндеттер мен партияның сайлауалды бағдарламасы талқыланып, кәсіпкерлікті қолдау, өндірісті дамыту және тұрғындарды тұрақты жұмыспен қамту мәселелеріне назар аударылды.

10 ноября, 2026
in Cаясат
0
ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

 

Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған экономиканы әртараптандыру, өндіріс саласын дамыту және инфрақұрылымды жаңғырту жөніндегі бастамалар сөз болды. Кандидаттар бұл міндеттердің Шымкент үшін де маңызды екенін атап өтіп, партияның 2027–2031 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтарды таныстырды.

Бағдарламаның «Әділ экономика» бағытында халықтың нақты табысын арттыруға, шағын және орта бизнесті қолдауға, жаңа инвестициялық жобаларды іске асыруға және тұрақты жұмыс орындарын құруға басымдық берілген. Атап айтқанда, алдағы бес жылда 20 мың адамды жұмыспен қамтуға атсалысу, агроөнеркәсіп кешенінде 9 инвестициялық жобаны жүзеге асыруға ықпал ету көзделген.

Жиында сөз алған депутаттыққа кандидат Қайрат Имашев экономикалық дамудың нәтижесі ең алдымен тұрғындардың әл-ауқатынан көрінуі керектігін айтты. Оның пікірінше, өндіріс орындарының тұрақты жұмыс істеуі мен кәсіпкерліктің дамуы жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.

«Біздің басты мақсатымыз – халықтың нақты табысын арттырып, тұрғындарды тұрақты әрі сапалы жұмыспен қамту. Ол үшін шағын және орта бизнесті қолдап, өндіріс орындарының дамуына қолайлы жағдай жасау қажет. Сонымен қатар еңбек нарығының сұранысына сай білікті мамандар даярлау маңызды. Кәсіпорындарға қажетті кадрлар дайындалса, еңбек өнімділігі де артады. Экономикалық өсімнің нәтижесін әрбір тұрғын сезінуі тиіс», – деді Қайрат Имашев.

Кездесуде өндіріс саласындағы кадр тапшылығының алдын алу, жұмысшылардың кәсіби біліктілігін арттыру және кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мәселелері де қозғалды. Қатысушылар кәсіпорындардың дамуы үшін қолайлы жағдай қалыптастырумен қатар, еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайына да көңіл бөлу қажеттігін атап өтті.

Өз кезегінде «Әділет» партиясы Тұран аудандық филиалының төрағасы Есімхан Бертаев еңбек ұжымдарымен тікелей кездесудің маңызына тоқталды.

«Өндіріс орындарының жұмысымен танысып, еңбек адамдарының пікірін тыңдау біз үшін маңызды. Себебі кәсіпорындардың күнделікті қызметінде кездесетін мәселелерді сол жерде жұмыс істейтін азаматтар жақсы біледі. Сондықтан олардың ұсыныстарын ескеріп, кәсіпкерлікті дамытуға және жұмысшылардың әлеуметтік жағдайын жақсартуға қатысты мәселелерге назар аудару қажет», – деді Есімхан Бертаев.

Кездесу барысында цех қызметкерлері де өз пікірлерін ортаға салып, қала экономикасын дамыту, өндіріс орындарын қолдау және еңбек адамдарының әлеуметтік жағдайына қатысты мәселелер жөнінде ой бөлісті. Жиын соңында кандидаттар қатысушылардың ұсыныстарын тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша пікір алмасты.

Тапсырыс беруші:
Шымкент қалалық мәслихаты депутаттарының сайлауына партиялық тізім ұсынған «Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Next Post

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу: нені білу керек?

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі