13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Шымкентте «Әділет» партиясы Әл-Фараби аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Білім және Зерттеу» бастауыш партия ұйымының мүшелерімен кездесу өтті. Басқосуда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген мәселелер талқыланды.

10 ноября, 2026
in Uncategorized
0
ШЫМКЕНТТЕ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫНДАҒЫ АУҚЫМДЫ ҚҰРЫЛЫС БАСТАМАСЫ ТАЛҚЫЛАНДЫ
10
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кездесуге партияның Әл-Фараби аудандық филиалының төрағасы Орынбасар Лештаев, «Өркен» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Анарбаев және партия мүшесі Жандарбек Садыков қатысты.

 

Жиында Президенттің 2027 жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялау туралы ұсынысына ерекше назар аударылды. Бұл бастама елді мекендердегі әлеуметтік инфрақұрылымды жаңартуды, халыққа қажетті нысандар салуды және тұрғындардың өмір сүруіне қолайлы жағдай жасауды көздейді.

 

Мемлекет басшысы Жолдауында азаматтардың толыққанды әлеуметтік инфрақұрылыммен қамтылуы халықтың тұрмыс сапасын арттырудың маңызды шарты екенін атап өтті. Осыған байланысты еліміздің барлық өңірінде құрылыс жұмыстарын жандандырып, ең алдымен денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет және спорт нысандарына деген қажеттілікті анықтау міндетін қойды.

 

Жолдауда автомобиль жолдарын, медициналық мекемелерді, ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтарын, спорт кешендерін, кітапханалар мен ғылыми орталықтарды салу мәселелері де қамтылған. Мұндай жобалардың жүзеге асуы өңірлердегі инфрақұрылымның жақсаруына ғана емес, құрылыс саласының дамуына және жаңа жұмыс орындарының ашылуына да мүмкіндік береді.

 

Кездесуде сөз алған Орынбасар Лештаев Президент бастамаларын тұрғындарға түсіндіруде олардың күнделікті өмірмен байланысын ашып көрсетудің маңыздылығына тоқталды.

 

«Ауқымды құрылыс бастамасының негізгі мәні – халыққа қажетті инфрақұрылымды дамыту. Тұрғындар үшін ең маңыздысы – қолжетімді медициналық қызмет, сапалы жол, білім беру және спорт нысандарының болуы. Сондықтан Жолдауда айтылған міндеттерді нақты мысалдармен түсіндіріп, олардың жергілікті жерлерде жүзеге асырылуына назар аударуымыз қажет», – деді Орынбасар Лештаев.

 

Басқосуда бастауыш партия ұйымдарының қоғамдық мәселелерді талқылаудағы рөлі де сөз болды. Қатысушылар ауқымды құрылыс жобаларын жоспарлау кезінде тұрғындардың нақты қажеттіліктерін ескеру, әлеуметтік нысандардың қолжетімділігі мен сапасына мән беру жөнінде пікір алмасты.

 

Өз кезегінде «Өркен» бастауыш партия ұйымының төрағасы Қайрат Анарбаев инфрақұрылымды дамытуда әрбір елді мекеннің ерекшелігін ескеру қажеттігін айтты.

 

«Құрылыс жұмыстарының нәтижесі ең алдымен тұрғындарға қолайлы жағдай жасалуымен өлшенуі керек. Қай жерде қандай нысан қажет екенін сол аумақта тұратын азаматтар жақсы біледі. Сондықтан олардың ұсыныстарын тыңдап, жергілікті қажеттіліктерге басымдық беру маңызды», – деді Қайрат Анарбаев.

 

Кездесу соңында қатысушылар Президент Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асырудың маңызына тоқталып, бастауыш партия ұйымдары аясында түсіндіру жұмыстарын жалғастыру және тұрғындарды толғандырған мәселелерді талқылау жөнінде пікір алмасты.

Previous Post

ХАЛЫҚПЕН ТІКЕЛЕЙ БАЙЛАНЫС

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ ӨНДІРІСТІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі