13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкент : «Тассай» индустриалды аймағында 41 жоба жүзеге асырылуда

10 октября, 2026
in Экономика
0
Шымкент : «Тассай» индустриалды аймағында 41 жоба жүзеге асырылуда
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкентте де индустрияландыру бағыты жүйелі түрде жалғасып келеді. Қаланың өндірістік әлеуетін арттыруда индустриалды аймақтардың орны ерекше. Бүгінде мұнда түрлі салаға маманданған кәсіпорындар жұмыс істеп, құрылыс материалдарынан бастап медицинаға, электр энергетикасынан бастап жеңіл өнеркәсіпке дейінгі бағыттар бойынша өнім шығарады. Солардың қатарында өндірісі жыл санап кеңейіп келе жатқан «Тассай» индустриялық аймағы бар.
2016 жылы жұмысын бастаған «Тассай» индустриалды аймағы бүгінде Шымкенттегі өндірістік кәсіпкерліктің маңызды нүктелерінің біріне айналды. Жалпы аумағы 89 гектарды құрайтын индустриалды аймақта кәсіпорындардың қалыпты жұмыс істеуіне қажетті инженерлік инфрақұрылым жасақталған. Бұл мақсатқа республикалық және жергілікті бюджеттен 4,76 млрд теңге қаражат жұмсалған.
Инфрақұрылымның дайын болуы кәсіпкерлер үшін маңызды артықшылық береді. Өйткені, өндірістік нысан салу кезінде ғимарат тұрғызумен қатар, оған электр қуатын жеткізу, су және кәріз жүйесіне қосу, жол мәселесін шешу секілді жұмыстар қатар жүреді. Ал, индустриалды аймақта мұндай жағдайлардың жасалуы өндірістің уақытылы іске қосылуына мүмкіндік береді.
Бүгінде «Тассайда» 41 жоба бар. Оның 36-сы іске қосылып, толыққанды жұмыс істеп тұр. Тағы 5 жоба бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Іске қосылған кәсіпорындардың өзінде 2 230 адам тұрақты жұмыспен қамтылған.
Бұл – индустриалды аймақтың қала экономикасына қосқан үлесін бағалауға мүмкіндік беретін негізгі көрсеткіштердің бірі. Себебі, өндіріс орнының жұмысы ең алдымен адам капиталымен тығыз байланысты. Кәсіпорын жұмыс істесе, оған инженер, технолог, электр маманы, оператор, дәнекерлеуші, есепші, жүргізуші, зертханашы және басқа да мамандар қажет. Осылайша бір өндіріс орнының айналасында түрлі кәсіп иелеріне сұраныс қалыптасады.
Индустриалды аймаққа тартылған инвестиция көлемі де ауқымды. Ашылғаннан бері мұнда 45,7 млрд теңге инвестиция тартылған. Осы қаражаттың нәтижесінде 239,8 млрд теңгенің өнімі өндірілген. Оның ішінде 39,5 млрд теңгенің өнімі сыртқы нарықтарға экспортталған.
Бұл көрсеткіштер «Тассайдағы» өндірістің тек жергілікті нарық қажеттілігін өтеумен шектелмейтінін аңғартады. Мұнда шығарылған өнім Қазақстанның басқа өңірлеріне жөнелтіліп қана қоймай, шетел нарығына да жол тартып отыр. Ал, экспорт көлемінің болуы кәсіпорындардың өнім сапасы мен өндірістік мүмкіндігінің бәсекеге қабілетті екенін көрсетеді.
Кәсіпорындардың өндірістік қызметі бюджет кірісінің қалыптасуына да әсер етеді. Бүгінде индустриалды аймақтағы кәсіпорындардың қызметінен бюджетке түскен салық көлемі 25,7 млрд теңгеге жеткен. Яғни, индустриялық аймаққа салынған инвестиция мен кәсіпорындардың өндірістік қызметі уақыт өте келе экономикалық қайтарымын беріп келеді.
«Тассай» индустриалды аймағының ерекшелігі – мұнда бір ғана бағытқа маманданған кәсіпорындар емес, әртүрлі саладағы өндіріс орындары шоғырланған.
Олардың қатарында «ASIA TRAFO», «M GROUP KZ», «GREEN CROSS ECO», «СК-АЙМАҚ», «DENTAFILL KAZAKHSTAN», «ТАВА INDUSTRIAL», «Zhas Medical», «RaiMar», «Line Pac», «Nar Sapa», «Uko-S Star», «Шымкай», «Платан», «KEES group», «КАЗВОД INVEST», «ALEM LUXURY», «ANDA COMPANY», «QUANTUM CAPITAL»,
«НурАлем», «ЭКОФАРМ ИНТЕРНЕШНЛ» сынды кәсіпорындар бар.
Бұл тізімнің өзі индустриалды аймақтағы өндірістің ауқымын аңғартады. Бір кәсіпорын құрылысқа қажетті өнім шығарса, екіншісі медицина саласына қажетті заттар өндіреді. Тағы бір кәсіпорын электр энергетикасына қажетті жабдық дайындайды. Мұндай әртараптандыру өндірістік ортаның тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторлардың бірі.
Өйткені, экономикада бір ғана салаға тәуелді болмай, әртүрлі бағыттағы өндірістердің қатар дамуы маңызды. Бір салада сұраныс төмендеген жағдайда екінші бағыттағы кәсіпорындар өндірісін жалғастыра алады. Сонымен бірге, түрлі өндіріс орындарының қатар жұмыс істеуі кәсіпкерлер арасында тәжірибе алмасуға, жаңа технологияларды енгізуге және бір-бірімен іскерлік байланыс орнатуға мүмкіндік береді.

Previous Post

«ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ - КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ШОЛ АШАДЫ

Next Post

Шымкентте жылына 1000 – ға жуық трансформатор шығаратын кәсіпорын бар

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі