13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ — КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ШОЛ АШАДЫ

9 октября, 2026
in Жаңалықтар
0
«ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ  —  КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ШОЛ АШАДЫ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Өрлеу» бағдарламасы өндіріс орындарын кеңейтуге, жаңа жобаларды іске қосуға, инфрақұрылымды дамытуға және кәсіпкерліктің технологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған. Бүгінде кәсіпкерлер үшін қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру – маңызды бағыттардың бірі. Осы мақсатта «Даму» қоры бизнестің нақты қажеттілігіне бейімделген бірқатар қолдау құралдарын ұсынып отыр. Соның бірі – «Өрлеу» бағдарламасы. Бағдарлама аясында өңдеу өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика, сондай-ақ, IT және креативті индустрия сияқты экономиканың басым бағыттарындағы жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік бар. Бұл – өндіріс орындарын кеңейтуге, жаңа жобаларды іске қосуға, инфрақұрылымды дамытуға және кәсіпкерліктің технологиялық әлеуетін арттыруға бағытталған қолдау. Бағдарламаның кәсіпкерлер үшін тағы бір ерекшелігі – қаржыландыру көлемінің жоғары болуы. Жобаға 7 млрд теңгеге дейін несие қарастырылған. Бұл ретте соңғы мөлшерлеме 12,6 пайызға дейін белгіленген.
Инвестициялық мақсаттарға арналған несиенің мерзімі 120 айға дейін, ал, айналым қаражатын толықтыруға берілетін қаржының мерзімі 24 айға дейін жетеді. Яғни, кәсіпкер өз жобасының ерекшелігіне қарай қажетті қаржыландыру құралын таңдай алады.
Өндірістік қуатты жаңғыртуға ниетті кәсіпкерлер үшін «Өрлеу-лизинг» бағдарламасы да маңызды мүмкіндік береді. Оның негізгі мақсаты – шағын және орта бизнеске өндірістік жабдықтарды сатып алуға қолжетімді қаржыландыру ұсыну.
Бағдарлама бойынша лизингтік мәмілелер 12,6 пайыздық мөлшерлемемен рәсімделіп, бір ШОК субъектісіне 500 млн. теңгеге дейін қаржыландыру қарастырылған. Лизинг мерзімі 36 айдан 60 айға дейін, ал аванстық төлем 10 пайыздан басталады.
Бұл ретте кәсіпкер үшін лизинг нысанасына қойылатын талаптардың да маңызы бар. Бағдарлама аясында жабдықтың бағасымен бірге оны тасымалдау, сертификаттау және қажетті рұқсаттарды алу рәсімдері, сондай-ақ жабдықты жұмыс жағдайына келтіру шығындары ескеріледі. Бұл кәсіпкерге жаңа өндірістік құрал-жабдықты сатып алу процесін барынша тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары Арсен Мустафиннің айтуынша, мұндай қолдау тек қаржы берумен шектелмеуі тиіс. Негізгі мақсат – кәсіпкердің жобасын іс жүзінде жүзеге асыруына жағдай жасау.
– Біздің мақсатымыз – кәсіпкерге тек қаржы ұсынып қана қоймай, оның жобасын іске асыруына нақты жағдай жасау. Сондықтан «Даму» қоры бизнестің әр кезеңінде қолжетімді әрі тиімді қаржыландыру тетіктерін қалыптастыруға басымдық береді. Әсіресе, өндіріс орындарын жаңғырту, жаңа технологияларды енгізу және кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттілігін арттыру бағытындағы жобаларды қолдау – экономиканың тұрақты дамуы үшін маңызды, – деді ол.
Мемлекеттік қолдау құралдарының нақты нәтижесі ең алдымен кәсіпкерлердің өз жобаларын жүзеге асыруынан көрінеді. Қаржыландыруға қолжетімділіктің артуы өндірісті кеңейтуге, жаңа құрал-жабдық сатып алуға, жұмыс орындарын көбейтуге және жаңа бағыттарды игеруге мүмкіндік береді.

Previous Post

КӘСІПКЕРЛІК – ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

Next Post

Шымкент : «Тассай» индустриалды аймағында 41 жоба жүзеге асырылуда

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі