13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

КӘСІПКЕРЛІК – ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ ТІРЕГІ

9 октября, 2026
in Экономика
0
КӘСІПКЕРЛІК – ҚАЛА ЭКОНОМИКАСЫНЫҢ  ТІРЕГІ
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерліктің ел дамуындағы орнын айрықша атап келеді. Президент «Бизнесі мықты мемлекеттің халқы бақуатты, қоғамы тұрақты болады» дей отырып, шағын және орта бизнесті қолдауды экономикалық саясаттың маңызды бағыттарының бірі ретінде айқындады.
Осы орайда, «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының Шымкент қаласындағы Көрме орталығында өткен «ашық есік күнінде» бизнес өкілдеріне мемлекеттік қолдау құралдары кеңінен таныстырылды. Іс-шарада бизнесті қаржыландыру, жеңілдетілген несие алу, кепілдік тетіктерін пайдалану, өндірісті жаңғырту және кәсіпті кеңейту мүмкіндіктері жан-жақты түсіндірілді. Жиынға кәсіпкерлермен қатар, «Даму» қорының, екінші деңгейдегі банктердің, мемлекеттік органдардың, «Атамекен» ҰКП-ның және кәсіпкерлік инфрақұрылым ұйымдарының өкілдері қатысты. Бір алаңда бірнеше ұйымның бас қосуы кәсіпкерлерге өздерін қызықтырған сұрақтардың жауабын біліп, нақты бизнес-жобалары бойынша кеңес алуға мүмкіндік берді.
Шара барысында мемлекеттік қолдау шараларының кәсіпкер үшін барынша түсінікті әрі қолжетімді болуының маңызына баса назар аударылды. Себебі, бизнес иесі үшін қажетті қаржыландыру көзін табу ғана емес, өз жобасына сәйкес келетін қолдау құралын дұрыс таңдау да маңызды.
Бүгінде Шымкенттің экономикалық әлеуетін ескере отырып, қаржыландыруға басымдық берілетін бірқатар бағыттар айқындалған. Олардың қатарында азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, химия және фармацевтика, жиһаз, қағаз және ағаш өңдеу, металл бұйымдарын өндіру, электр жабдықтарын шығару сияқты өндірістік салалар бар. Сонымен бірге, полиграфия, жүк тасымалы, қоймалау, компьютерлік бағдарламалау және консультациялық қызметтер, мектепке дейінгі білім беру мен денсаулық сақтау бағыттары да қосымша басым салалар қатарына енгізілген.
«Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Талғат Смағұловтың айтуынша, мемлекеттік қолдау құралдарының кәсіпкерлерге барынша қолжетімді болуы – негізгі басымдықтардың бірі.
– Бүгінде біз кәсіпкерлерге мемлекеттік қолдау құралдарын барынша қолжетімді етуге басымдық беріп отырмыз. Әсіресе, өңірдің экономикалық ерекшеліктерін ескере отырып, қаржыландыруға басымдық берілетін салалар айқындалған. Шымкент қаласы бойынша азық-түлік өндірісі, жеңіл өнеркәсіп, химия және фармацевтика, жиһаз, қағаз және ағаш өңдеу, металл бұйымдарын өндіру, электр жабдықтары сияқты бірқатар өндірістік бағыттармен қатар, полиграфия, жүк тасымалы, қоймалау, компьютерлік бағдарламалау және консультациялық қызметтер, мектепке дейінгі білім беру мен денсаулық сақтау салалары да қосымша басым бағыттарға енгізілген. Кәсіпкерлер үшін маңызды қолдау құралдарының бірі – несиеге кепілдік беру тетігі. Бұл құрал, әсіресе, бизнес-жобасын іске асыруға мүмкіндігі бар болғанымен, қажетті кепілзаты жеткіліксіз кәсіпкерлер үшін қаржыландыруға жол ашуға мүмкіндік береді. Несие сомасы 7 млрд. теңгеге дейінгі жобалар бойынша кепілдік мөлшері 85 пайызға дейін беріледі. Бұл ретте кепілдік сомасы 3,5 млрд теңгеден аспайды. Кепілдік инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға, айналым қаражатын толықтыруға және қайта қаржыландыруға бағытталған несиелерге ұсынылады.Оның мерзімі қаржыландыру мерзіміне қосымша бес айды қамтиды.
Ал, 7 млрд теңгеден жоғары несие сомасы қарастырылған жобалар үшін кепілдік мөлшері жоба құнының 30 пайызынан аспайды. Бұл жағдайда кепілдік мерзімі 20 жылға дейін берілуі мүмкін. Яғни, мемлекеттік қолдау тетіктері ауқымды инвестициялық жобаларды жүзеге асыруға ниетті кәсіпкерлер үшін де қарастырылған, — деді Талғат Темірұлы.
Қаржыландыруға қолжетімділікті арттыру бағытындағы тағы бір маңызды құрал – «Өрлеу» бағдарламасы. Бағдарлама экономиканың басым бағыттарындағы жобаларды қаржыландыруға мүмкіндік береді. Атап айтқанда, өңдеу өнеркәсібі, туризм, көлік және логистика, IT және креативті индустрия салаларындағы кәсіпкерлер өз жобаларын жүзеге асыру үшін осы мүмкіндікті пайдалана алады.

Previous Post

ШЫМКЕНТТЕ ЖЫЛ СОҢЫНА ДЕЙІН 192 АВТОБУС ЖАҢАРТЫЛАДЫ

Next Post

«ӨРЛЕУ» БАҒДАРЛАМАСЫ - КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУҒА ШОЛ АШАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі