13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Шымкентте жылына 1000 – ға жуық трансформатор шығаратын кәсіпорын бар

10 октября, 2026
in Экономика
0
Шымкентте жылына 1000 – ға жуық трансформатор шығаратын кәсіпорын бар
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Кез-келген елдің экономикалық қуатын айқындайтын негізгі көрсеткіштердің бірі – өндіріс көлемі. Өйткені, өнеркәсіп тек тауар өндіретін сала ғана емес, экономиканың өзге бағыттарының дамуына серпін беретін маңызды бағыт. Жаңа кәсіпорын іске қосылған сайын оған қажетті шикізат, құрал-жабдық, көлік-логистика, электр энергиясы, қызмет көрсету секілді көптеген бағыт қатар дамиды. Ең бастысы, өндіріс орындарының көбеюі тұрақты жұмыс орындарының ашылуына жол ашады. Қаланың өндірістік әлеуетін арттыруда индустриалды аймақтардың орны ерекше. Бүгінде мұнда түрлі салаға маманданған кәсіпорындар жұмыс істеп, құрылыс материалдарынан бастап медицинаға, электр энергетикасынан бастап жеңіл өнеркәсіпке дейінгі бағыттар бойынша өнім шығарады. Солардың қатарында өндірісі жыл санап кеңейіп келе жатқан «Тассай» индустриялық аймағы бар. Аймақтың ерекшелігі – мұнда бір ғана бағытқа маманданған кәсіпорындар емес, әртүрлі саладағы өндіріс орындары шоғырланған.
Индустриалды аймақтағы өндірістердің бірі – электр энергетикасы саласы үшін маңызды өнім шығаратын трансформатор өндіретін «ЭлектроЗаводСервис» ЖШС.
Кәсіпорын трансформатор өндірісімен айналысып, отандық электр энергетикасы саласының қажеттілігін қамтамасыз етуге үлес қосып келеді. «Newton Energy» компаниясының өндіріс бойынша директоры Нұржан Қазыбековтың айтуынша, кәсіпорында жылына қуаттылығына қарай түрлі үлгідегі 1000-ға жуық трансформатор өндіріледі.
Бұл өнімнің маңызы электр энергетикасы жүйесінің күнделікті жұмысынан анық көрінеді. Электр энергиясын тұтынушыға жеткізу үшін сенімді энергетикалық жабдық қажет. Сондықтан трансформатор секілді өнімдерді ел ішінде өндіру ішкі нарықтағы қажеттілікті қамтамасыз етіп қана қоймай, импортқа тәуелділікті азайтуға да мүмкіндік береді.
Кәсіпорын өнімдері Қазақстанның түрлі қалаларына жөнелтіледі. Сонымен қатар, өндірілген трансформаторлар Қырғызстан, Армения және Өзбекстанға экспортталады.
Қазіргі таңда өндіріс орнында 150-ге жуық адам еңбек етеді. Демек, кәсіпорынның жұмысы тек өнім өндірумен шектелмейді. Мұнда тұрақты еңбек ұжымы қалыптасып, білікті мамандардың тәжірибесі артып келеді. Өндірістің көлемі ұлғайған сайын мамандардың кәсіби біліктілігіне қойылатын талап та күшейе түсетіні белгілі.
Қазіргі өнеркәсіпке жай ғана жұмыс күші емес, нақты өндірістік үдерісті түсінетін, технологиямен жұмыс істей алатын білікті маман қажет. Сондықтан кәсіпорындардың оқу орындарымен байланыс орнатуы – өндірісті дамытудың маңызды бағыттарының бірі.
Бұл үрдісті «Тассай» индустриалды аймағында да көруге болады. Жақында Шымкент қаласы Жастар саясаты басқармасына қарасты «Жастар ресурстық» орталығының ұйымдастыруымен академик Ә.Қуатбеков атындағы Халықтар достығы университетінің 60-қа жуық белсенді студенті трансформатор өндірісінің жұмысымен танысты.
Электр энергетикасының теориясын университет қабырғасында меңгеріп жүрген жастар өндіріс орнына келгенде сол білімнің нақты жұмыс барысында қалай қолданылатынын көрді. Олар кәсіпорынды аралап, трансформатор өндірісінің кезеңдерімен танысты. Мамандардан өндірісте қолданылатын технологиялар, еңбек қауіпсіздігі және жұмыс талаптары туралы сұрақтарына жауап алды.
Мұндай кездесулердің жас мамандар үшін маңызы зор. Өйткені, студенттің мамандық таңдауы мен болашақ жұмыс орны туралы түсінігі тек аудиториядағы сабақпен шектелмеуі керек. Өндіріс орнын көзбен көру, технологиялық үдерісті бақылау, мамандармен сөйлесу – теориялық білімді тәжірибемен байланыстыруға мүмкіндік береді.
Электр энергетикасы мамандығында білім алып жүрген Диорбек Рахымжанов та өндіріс орнына жасаған экскурсияның пайдалы болғанын айтады.
– Университетте алған теориялық білімнің өндірісте қалай қолданылатынын көрдік. Болашақта қай жерде жұмыс істеуге болатынын, қандай талаптар қойылатыны жөнінде жан-жақты мәлімет алдық, – дейді ол.
Мұндай байланыстың екі тарапқа да пайдасы бар. Студенттер өндірістің нақты талабын ертерек түсінсе, кәсіпорындар болашақ мамандардың дайындығына өз ұсыныстарын бере алады. Бұл оқу бағдарламалары мен еңбек нарығы арасындағы алшақтықты азайтуға жол ашады.
Өнеркәсіпті дамытудың түпкі нәтижесі тек өндірілген өнім көлемімен өлшенбейді. Оның әлеуметтік мәні де бар. Кәсіпорынға салынған инвестиция өндірістік нысанның пайда болуына әкелсе, өндірістің іске қосылуы жұмыс орындарын қалыптастырады. Ал, тұрақты жұмыспен қамтылған азаматтың табысы отбасының әл-ауқатына әсер етеді.
Осы тұрғыдан алғанда, «Тассай» индустриалды аймағында құрылған 2 230 жұмыс орны – жай ғана статистикалық көрсеткіш емес. Оның артында мыңдаған адамның еңбек етіп, отбасын асырап отырғаны, кәсіби тәжірибе жинақтап, өз саласында біліктілігін арттырып жүргені тұр.
Сол сияқты 45,7 млрд теңге инвестицияның тартылуы да бір ғана қаржылық көрсеткіш ретінде қаралмауы тиіс. Инвестиция өндірістік ғимаратқа, құрал-жабдыққа, технологияға, жаңа жұмыс орындарына және өнім шығаруға айналған кезде ғана нақты экономикалық нәтижеге жол ашады.
«Тассайдағы» 239,8 млрд теңгенің өндірілген өнімі осы жұмыстың нәтижесін көрсетеді. Ал, оның 39,5 млрд теңгесі экспортқа шығарылуы жергілікті өндірістің сыртқы нарыққа да бейімделіп келе жатқанын аңғартады.
Өндірістің мұндай нәтижесі қаланың жалпы экономикалық белсенділігіне де ықпал етеді. Кәсіпорындар жұмыс істеген сайын бюджетке түсетін салық көлемі артады. Қызметкерлердің табысы жергілікті сауда мен қызмет көрсету орындарындағы сұранысты қалыптастырады. Кәсіпорындарға қажетті түрлі қызметтерді ұсынатын шағын және орта бизнес үшін де жаңа мүмкіндік пайда болады.

Previous Post

Шымкент : «Тассай» индустриалды аймағында 41 жоба жүзеге асырылуда

Next Post

ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАҒЫТЫНДА ЖҮЙЕЛІ ЖҰМЫСТАР ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі