13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Қоғам

Шымкент қаласының әкімдігі Наурызға бөлінген қаржы жайлы түсініктеме берді

25 марта, 2021
in Қоғам
0
Шымкент қаласының әкімдігі Наурызға бөлінген қаржы жайлы түсініктеме берді
Share on FacebookShare on Twitter

Кешелі бері Шымкент қаласында Наурыз мерекесін тойлауға бөлінген қаржы көлемі шу тудыруда. Бір мерекеге 572 млн (кей деректерде — 565 млн теңге) теңгедей қаржы жұмсалғаны көпшілікті ашуландырды. Бұл шуға қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан ақпараттық-коммуникациялық орталықта өткен баспасөз мәслихатында түсініктеме берді деп хабарлайды Oinet.kz сайты.

Ең алдымен брифингте мерекені тойлауға 572 млн теңге емес, 213 млн теңге жұмсалғаны айтылды. 213 млн теңгеге Шымкентте 10 күн ішінде 103 іс-шара өткізіліпті. Ал 572 млн теңге деген цифр қалада жыл бойы мәдени іс-шаралар ұйымдастыруға мәслихат депутаттарының шешімімен қарастырылған. Және бұл 213 млн теңге әлі де бөлінбепті:

— Мемлекеттен бөлінген әр тиын әкімдіктің, депутаттардың бақылауында. Мемлекеттік бюджеттен шыққан әр тиынның артында тексеру бар, сұрауы бар. Құқық қорғау органдары бар тексеретін. Сондықтан бұл жерде «бармақ басты, көз қысты» деудің еш қажеті жоқ. Әр тиынды есептеп жазып отырған Мәдениет басқармасының, концерттерді өткізіп жатқан Мәдениет үйінің жауапты мамандар бар. Және бір айта кетерлігі, Наурызды тойлауға бюджеттің бір тиын ақшасы жұмсалған жоқ. Неге? Себебі бюджет осы Наурыз айында бөлінді. Қаржы сәуір айының орта шебінде ғана Мәдениет басқармасының шотына түседі. «Мерекені былай өткізсек» деп идея ұсынып келетіндерге «бізде бюджетте ақша жоқ. Сол себепті де өз мүмкіндіктеріңізге қарай өткізіп көріңіздер» дедік. Келіскен мекемелер келісті, келіспегендер келіспеді. Енді келісіп мерекені өткізген мекемелер сәуір айында бізге құжатпен келеді. «Мына затқа мынанша ақша кетті, анаған осынша кетті» деп есеп береді. Біз оны тексеріп барып қабылдап аламыз, — деді Шыңғыс Мұқан.

Tags: 13kz13kz.kz13кзНаурызШымкентШыңғыс Мұқан
Previous Post

Шетелдік журналистер Түркістанда Наурыз мерекесін атап өтті

Next Post

Миллионды қаладағы миллиондар қайда жұмсалды?

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі