13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Миллионды қаладағы миллиондар қайда жұмсалды?

25 марта, 2021
in Мәдениет
0
Миллионды қаладағы миллиондар қайда жұмсалды?
Share on FacebookShare on Twitter

«Наурыз – Шымкенттен басталады». Үшінші мегаполисте өткізілген бұл мегажобаның арты дауға ұласқаны белгілі. Әлеуметтік желілер мен қазнетті шулатқан 572 миллион теңгенің жырына бүгін әкімдік өкілдері нүктесін қойды.
Шымкент қаласы әкімдігінің ақпараттық-коммуникациялық орталығында спикерлер – қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасының басшысы Ханзада Есенова мен Шымкент қалалық мәдениет үйінің басшысы Сәкен Майғазиев БАҚ өкілдеріне арнайы баспасөз брифингін өткізді. Онда Әз-Наурыз мерекесінде ұйымдастырылған іс-шаралар мен жұмсалған қаржы жайында түсініктеме берілді.
Ханзада Әзімханқызының айтуынша, «Наурыз – Шымкенттен басталады» атты мегажобасы аясында 103 іс-шара өткізілген. Бұл мерекелік жиындарға 213 млн теңге жұмсалыпты. Ал жұрттың талқысына түскен 572 млн теңге Шымкент қаласы мәслихат депутаттарының қолдауымен жыл соңына дейін өткізілетін мәдени іс-шараларға бөлінген қаржы көлемі екендігі белгілі болды.
Ал Шымкент қаласы әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқанның сөзінше, 10 күнді түрлі атауларымен атап өткен мерекеде Шымкентке келген туристер мен қонақтар саны 2-3 есеге артқан.
– Алдағы уақытта Наурызды Қазақстанның, оның ішінде Шымкенттің брендіне айнылдыру ниетіміз бар екенін айтқым келеді. Қаламызда өткен концерттерге жақын қалаларды былай қойғанда, Ақтөбе, Павлодар, Нұр-Сұлтан қалаларынан қонақтар келіп, тамашалады, — деді Шыңғыс Жұмабекұлы.
Журналистер мен әлеуметтік желі қолданушыларының сұрақтарына жауап бере отырып, «Әсілінде көпшілікті даурықтырғаны 572 млн теңге 10 күнге емес, жыл бойы жұмсалатынын білмегенінде», деді әкімдік өкілдері. Бұл қаражат қаланың жалпы мәдениет саласына жыл соңына дейін қаралғанын түсіндіріп берді. Оның ішінде Әз-Наурызды қарсы алуға бөлінген 213 млн теңгеге 10 күнде 103 іс-шара өткізілгенін мәлімдеді.

Previous Post

Шымкент қаласының әкімдігі Наурызға бөлінген қаржы жайлы түсініктеме берді

Next Post

Түркістан: "Кедергісіз келешек" жобасы арқылы әлеуметтік нысандардан кемшіліктер анықталды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі