13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шетелдік журналистер Түркістанда Наурыз мерекесін атап өтті

23 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Share on FacebookShare on Twitter

Түркітілдес мемлекеттердің тілшілеріне арналған баспасөз туры 20-22 наурыз аралығында өтті. Мажарстан, Түркия, Өзбекстан, Қырғызстан, Әзірбайжан және Башқұртстан журналистерін өңірдің көркем табиғаты, бай тарихы мен жарқын мәдениеті, бұрынғы және қазіргі Түркістанды таныстырды. Бұл — аймақтың туристік мүмкіндіктерін арттыру үшін қажет. Үш күн бойы қонақтар Отырар және Қазығұрт аймақтарын, соның ішінде Арыстан Баб кесенесін, Кеме қалғанының монументін, ботаникалық бақты аралады. Олар Қ.А. Яссауи кесенесі мен Ақмешіт үңгірінде болды. Ондағы көне жәдігерлердің архитектуралық ерекшелігі мен тарихи мән-маңызы журналистердің қызығушылығын оятты. Түркі әлемінің рухани астанасы саналатын Түркістан шаһарының бай тарихымен танысқан баспасөз турының қатысушылары сондай-ақ, Түркістан қаласындағы жаңа көпфункционалды «Керуен Сарай» кешені мен басқа да туристік нысандарды аралады. Шетелдік журналистер тобы Наурыз тойын Түркістанда тойлады. Түркі елдерінен келген журналистерге ұлттық ойындар мен қазақ халқының тағамдары ұсынылды. Сонымен қатар, БАҚ қызметкерлері «Түркістанның инвестициялық және туристік мүмкіндіктері»атты халықаралық медиа-форумға қатысты. Осы шара аясында «Түркістан медиафорумы: инвестициялық және туристік мүмкіндіктер»атты роуд-шоу ұйымдастырылды. Айта кету керек, шетелдік журналистер тобы Түркістанның жаңа келбеті таң қалдырды. Қонақтарға киелі Түркістанның заманауи шаһарға айналып, өзінің ежелгі келбетін сақтап қалғанына ерекше қызығушылық танытты.

Түркістан облысының таңғажайып табиғаты мен терең тарихына қаныққан қонақтар баспасөз турының жоғары дәрежеде өткендігін айтып, алғыстарын білдірді.

 

Tags: 13kz.kzНаурызТүркістан облысы
Previous Post

«Өнер барысы» мегажобасы Шымкентте

Next Post

Шымкент қаласының әкімдігі Наурызға бөлінген қаржы жайлы түсініктеме берді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі