Шымкент қаласы Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасының басшысы қызметіне Сауран Мақсат Зұлбұхарұлы тағайындалды.
Мақсат Зұлбұхарұлы 1980 жылы Түркістан облысы Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді заңгер. 2003 жылы Оңтүстік Қазақстан Ашық университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.
Сауран Мақсат Зұлбұхарұлының құқық қорғау және атқарушылық іс жүргізу саласында 20 жылдан астам еңбек өтілі бар.
Еңбек жолын 2004 жылдан бастап сот актілерін орындау жүйесінде жұмыс істеп, сот орындаушы, бас маман, бөлім басшысы – аға сот орындаушы секілді жауапты лауазымдарда еңбек етті.
Қызмет барысында Солтүстік Қазақстан және Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы атқарушылық іс жүргізу органдарында түрлі басшылық қызметтерді атқарып, мол тәжірибе жинақтады. Сондай-ақ Есіл, Сайрам және Әл-Фараби аумақтық бөлімдерінде жауапты қызметтерде болды.
2011 жылдан бері жеке сот орындаушы ретінде кәсіби қызметін жалғастырып келеді. 2015–2018 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасы басшысының орынбасары қызметін атқарды. Ал 2018 жылдан бастап Түркістан облысы Жеке сот орындаушылар өңірлік палатасын басқарып, саланың дамуына және атқарушылық іс жүргізу жүйесінің тиімділігін арттыруға елеулі үлес қосты.
Көпжылдық еңбек тәжірибесі, кәсіби біліктілігі мен басқарушылық қабілеті оны саладағы білікті мамандардың қатарына қосады.
Көпжылдық жемісті еңбегі мен заң саласының дамуына қосқан үлесі үшін Сауран Мақсат Зұлбұхарұлы бірқатар марапаттарға ие болған. Атап айтқанда, оған «Қазақстан Республикасының Құрметті заңгері» атағы берілген. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Жеке сот орындаушылары жүйесін дамытуға қосқан үлесі үшін медалімен және «ҚР Жеке сот орындаушылары жүйесінің құрметті қызметкері» , “Қазақстан Республикасының Үздік жеке сот орындаушысы” төсбелгілерімен марапатталған.
Мақсат Зұлбұхарұлының алдағы жұмысына толағай табыс, нәтижелі еңбек, тың бастамалар мен кәсіби жетістіктер тілейміз!




