13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Uncategorized

«AMANAT» партиясының қолдауы: 8 жыл бойы сергелденген отбасы баспаналы болды

22 апреля, 2026
in Uncategorized
0
«AMANAT» партиясының қолдауы: 8 жыл бойы сергелденген отбасы баспаналы болды
9
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«AMANAT» партиясының қоғамдық қабылдау алаңдарында азаматтардың өзекті мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп келеді. Соның нәтижесінде тұрғындарға нақты қолдау көрсетіліп, олардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайының жақсаруына мүмкіндік жасалып жатыр.

 

Осындай қолдаудың нақты нәтижесін көрген азаматтардың бірі – Шымкент қаласының тұрғыны Мұхтар Ханзадаев. Ол 2024 жылдың жаз айында мәслихат депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Бөкейхан Әбішевтің жеке қабылдауында болып, өз мәселесін жеткізді. Бес баланы тәрбиелеп отырған отбасы бұған дейін 7-8 жыл бойы қаладағы мешіттердің бірінде уақытша паналап келген.

 

Аталған мәселе партиялық бақылауға алынып, нақты шаралар қабылданды. Нәтижесінде Бөкейхан Әбішевтің жеке демеушілігімен отбасыға жер телімі беріліп, сол аумақта бес бөлмелі тұрғын үй салынды. 2025 жылдың мамыр айында құрылыс жұмыстары толық аяқталып, жаңа баспананың кілті салтанатты түрде табысталды.

 

«Бұл баспана болашаққа деген сенімімізді нығайтты. Бүгінде отбасымыздың әр мүшесіне қолайлы жағдай жасалып, қиындықтар артта қалды. Бізге қолдау көрсеткен «AMANAT» партиясына және жаны жомарт азаматтарға шынайы алғысымды білдіремін», – деді Мұхтар Ханзадаев.

 

Осылайша «AMANAT» партиясының Шымкент қалалық филиалы жанындағы қоғамдық қабылдау алаңында тұрғындарға жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді. Соңғы үш айдың өзінде онда 2681 өтініш тіркелген. Оның 583-і атқарушы органдар және партия фракциясы мүшелерінің қатысуымен өткен қоғамдық қабылдауларда қаралып, 80 пайызы оң шешімін тапты.

 

Сонымен қатар шалғай елді мекен тұрғындарының мәселелерін шешу мақсатында 11 мобильді қоғамдық қабылдау ұйымдастырылып, 197 азаматтың өтініші қаралған. Оның ішінде 115 мәселе оң шешімін тауып, қалған өтініштер бойынша тиісті мекемелерге нақты ұсыныстар жолданды.

 

 

Previous Post

Сарбаздар өз қызметімен таныстырды

Next Post

Шымкенттік әскерилер Құрлық әскерлерінің құрылған күнін ерекше атап өтті

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі