13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкенттік әскерилер Құрлық әскерлерінің құрылған күнін ерекше атап өтті

22 апреля, 2026
in Жаңалықтар
0
Шымкенттік әскерилер Құрлық әскерлерінің құрылған күнін ерекше атап өтті
20
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Осы атаулы күнге орай Шымкент қаласында орналасқан «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 35748 әскери бөлімінің жеке құрамы 10 шақырымдық жаппай жүгіру өткізді. Аталған спорттық іс-шара әскери қызметшілердің дене дайындығын шыңдауға және ұжымдық бірлікті арттыруға бағытталды.

Жүгіру басталар алдында әскери бөлім командирі, подполковник Сергей Бибулатов жеке құрамға белсенділік танытқандары үшін алғыс айтып, ортақ іске қосып жүрген үлестері үшін ризашылығын білдірді.
Жүгіру барысында әскери қызметшілер жоғары төзімділік пен тәртіптілікті көрсетіп, бір сапта, бір мақсат жолында ұйымшылдықпен қимылдады. Қатысушылар үшін бұл тек спорттық жарыс емес, сонымен қатар жауынгерлік рухты нығайтатын маңызды шара болды.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жаппай жүгірулер салауатты өмір салтын насихаттауға, дене дайындығын нығайтуға және әскери ұжымдағы өзара қолдау мен сенімді арттыруға ықпал етеді. Ортақ мақсат жолында біріге отырып, жауынгерлер берік командалық рух пен жоғары жауапкершілікті паш етті.
Құрлық әскерлері еліміздің аумақтық тұтастығы мен егемендігін қорғауда маңызды рөл атқарады. Осындай іс-шаралар әскери қызметшілердің жауынгерлік дайындығын арттырып қана қоймай, олардың рухани және физикалық тұрғыдан шыңдалуына мүмкіндік береді.
Шымкент гарнизонының баспасөз қызметі

Previous Post

«AMANAT» партиясының қолдауы: 8 жыл бойы сергелденген отбасы баспаналы болды

Next Post

Шымкентте оқушыларға арналған оқу-дала жиыны өтуде

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі