13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістанда «Nur Otan» партиясы мүшелерінің саны артты

1 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістанда «Nur Otan» партиясы мүшелерінің саны артты
Share on FacebookShare on Twitter

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия  күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен Тәжібаев аудан, қалалардан келген 10 азаматқа партия куәлігі мен төсбелгісін тапсырды.

«Осыдан 22 жыл бұрын 1 наурызда «Nur Otan» партиясы құрылып, содан бері 1 наурыз – Партия күні ретінде аталып өтіліп келеді. Бүгін осы айтулы сәтке және Алғыс айту күніне орай, партиямыздың Түркістан облысында 100-ге жуық азамат «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданып отыр. Оның ішінде өздеріңізді «Nur Otan» партиясының Түркістан облыстық филиалында қабылдауды жөн көрдік. Мүшелікке өткендер арасында спортшылар, кәсіпкерлер, мұғалімдер, мемлекеттік қызметкерлер және өзге де сала өкілдері бар. Баршаңызды құттықтай отырып, елге адал қызмет етеді деп сенемін», – деген Б.Дәулетұлы көпшілікті Алғыс айту күні мерекесімен де құттықтап өтті.

Жалпы бүгінде Түркістан облысында 244 бастауыш партия ұйымының құрамында 79305 партия мүшесі бар. Оның ішінде 29 жасқа дейінгі жастар – 5833 болса, әйелдер 52 879-ді құраған. Партия мүшелерінің басым көпшілігі білім беру, денсаулық сақтау, шағын және орта бизнес және өзге де сала өкілдерінен жасақталған.

2020 жылдан бері партияны қайта жаңғырту бойынша 14 мыңдай адам партия мүшесінен шығарылып, 7 мыңнан астам адам қабылданған. Олардың көбісі былтыр праймериз кезінде қатарға қосылған.

Бүгін партия қатарына қабылданғандар арасында бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі, Азия чемпионатының қола жүлдегері Назым Әбдіхан және өз салаларында жетістікке жетіп жүрген өзге де үздік мамандар бар.

«Мақсатымыз – елге қызмет ету», – дейді жаңадан партияға қабылданған азаматтар.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі шағын футболдан БАҚ арасында чемпион атанды

Next Post

1 наурыздан бастап Арыста оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі