13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Спорт

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі шағын футболдан БАҚ арасында чемпион атанды

1 марта, 2021
in Спорт
0
ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі шағын футболдан БАҚ арасында чемпион атанды
Share on FacebookShare on Twitter

Қорғаныс ведомствосының Ақпарат және коммуникациялар департаментінің командасы футзалдан БАҚ арасындағы VIII чемпионаттың (BAQ League) жеңімпазы атанды.

Кезекті чемпионатқа еліміздің барлық бұқаралық ақпарат құралдарынан жетекші 15 команда қатысты. Турнир қазан мен ақпан айында бір айналымда өтті.

Биылғы біріншілікте «Хабар» телеарнасы мен қорғаныс ведомствосының баспасөз қызметі арасындағы чемпион атану жолындағы табанды күрес соңғы турға дейін жалғасты. Ақтық ойында дәл осы командалар алаңда кездесті.

Соңғы кезеңнің алдында әскери журналистер «Хабар» телеарнасынан екі ұпай озып, олар тең ойнаса да болар еді. Осыған қарамастан, Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің командасы кездесудің алғашқы минуттарынан бастап басымдыққа ие болып, нәтижесінде 8:4 есебімен жеңіске жетті.

Екінші орын «Хабар» телеарнасына бұйырды. «Қола» жүлде «Qazaqradiolary» ұжымының еншісінде.

Әскери команданың капитаны Ғани Нүсіпов бұл жеңісті еліміздің тәуелсіздігінің 30 жылдығына және ел егемендігін қалтықсыз күзетіп жүрген әскерімізге арналатындығын жеткізді.

Биыл «BAQ League» чемпионаты сегізінші рет өтті. Алдыңғы жеті турнирде «Хабар» телеарнасының командасы жеңіске жеткен болатын.

Tags: 13kz13kz.kz13кзДИИКҚР Қорғаныс
Previous Post

Шымкенттіктер алғыс айту күнін атап өтті

Next Post

Түркістанда «Nur Otan» партиясы мүшелерінің саны артты

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі