13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Шымкенттіктер алғыс айту күнін атап өтті

1 марта, 2021
in Мәдениет
0
Шымкенттіктер алғыс айту күнін атап өтті
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімдігінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған  іс-шара болып өтті. Эпидемиологиялық  ахуалға байланысты қаланың әр жерінде ұйымдастырылған мерекелік құттықтаулар мен концерттік бағдарламалар онлайн режимде көрсетілді.

Салтанатты жиынға қатысқан қала әкімі Мұрат Әйтенов барша қала тұрғындарын айтулы мерекемен құттықтап, Шымкенттің дамуы мен көркеюіне үлес қосқан жерлестеріне алғысын жеткізді.

«Баршаңызды көктем шуағымен келген 1 наурыз — Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Алғыс айту күні – бұл қиын кезеңдерді басынан өткерген еліміздің барлық азаматтарының бір-біріне деген құрмет күні. Егемендігіміздің 30 жылында толағай табыстарға жеттік. Бұл жетістікке Елбасының дара көшбасшылығы мен халқымыздың даналығының және парасатының, бірлігі мен ынтымағының, отандастарымыздың қажырлы еңбегінің арқасында қол жеткіздік»,-деді қала басшысы өз құттықтау сөзінде.

Әуелі экраннан ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы дәріптелген татулық пен келісім туралы  деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай «Тәуелсіздік» саябағынан тікелей  эфир арқылы Гаврелин Владислав пен Бексұлтан Әлиевтің алғыс айту сөзі ұсынылып, түрлі этнос өкілдері аспаптарының орындауындағы  Құрманғазының күйі «Балбырауын» орындалды.

Ал, егемендігіміздің 30 жылдығына арналған 30 этнос жастарының «Шымкент Арбат» алаңынан «Біз қазақша сөйлейміз» атты репортажы ұсынылса, кеш соңында башқұрт этносының өкілі, белгілі әнші Зейтуна Шафикова Ш.Қалдаяқовтың «Арыстың жағасында» әні шырқалды.

Сонымен бірге алғыс айту күнінде түрлі этнос өкілдері іс-шараға қатысып отырған азаматтар мен қаламыздың тұрғындары көп шоғырланған алаптарында құрт тарату рәсімін  ұйымдастырды. Бұл акция арқылы олар өздерінің ықыластары мен алғыстарын жеткізбек. Құрт қорапшасының сыртында «Мың алғыс» деген жазу жазылған.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзАлғыс айтуМұрат ӘйтеновШымкент
Previous Post

Президент Қазақстан халқын Алғыс айту күнімен құттықтады

Next Post

ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі шағын футболдан БАҚ арасында чемпион атанды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі