13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

1 наурыздан бастап Арыста оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта басталады

1 марта, 2021
in Жаңалықтар
0
1 наурыздан бастап Арыста оқ-дәрілерді жою жұмыстары қайта басталады
Share on FacebookShare on Twitter

Көктем басталысымен оқ—дәрілер қалдықтарын жою бойынша жұмыстары қайта жалғасты. Кәсіби және тәжірибелі саперлерден жасақталған  құрама инженерлік—саперлік топ Арысқа келді. Әскерилер арнайы техника және құралдармен толық жарақталған. Далалық госпиталь ашылды.

Саперлердің басты күші жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Ал ауылшаруашылық жұмыстарының қайта жандануына байланысты егіс алқаптары мен жайылымдар маңайы тексеріледі.

Табылған заттар мен оның бөлшектерін арнайы жабдықталған орынға (полигонға) жинап, жояды. Қауіпсіз деп танылған оқ-дәрілерді шығару жалғасады. Біразы қоймалар маңында қауіпсіздік шараларын сақтай отырып жойылады

2020 жылғы жүргізілген жұмыстардың тәжірибесі көрсеткендей, табылған заттар мен бөлшектердің көбі қауіпсіз. Бұған қарамастан жергілікті тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бейтаныс заттар табылған кездегі іс-қимыл тәртібін жеткізу үшін Қорғаныс министрлігі ауқымды түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

Қыс мезгілінде ауа-райының нашарлауы мен жердің қатуына байланысты оқ-дәрілерді жоятын әскери саперлердің қызметі тоқтатылғанын атап өткен жөн. Алайда қоймалар аумағын тазарту, сынықтарды жинау, металл бөлшектерін сұрыптау жұмыстары жалғасты.

Жергілікті тұрғындардың өтінімдеріне жедел ден қою үшін   топтар құрылған еді.

 

Tags: 13kz13кз
Previous Post

Түркістанда «Nur Otan» партиясы мүшелерінің саны артты

Next Post

Шымкент қаласының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментіне жаңа басшы тағайындалы

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі