13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Мәдениет

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай республика бойынша 500-дей іс-шара өтеді

27 февраля, 2021
in Мәдениет
0
Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай республика бойынша 500-дей іс-шара өтеді
Share on FacebookShare on Twitter

Ақтоты Райымқұлова жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойының ресми ашылуына арналған салтанатты жиында еліміз бойынша атқарылатын іс-шаралар туралы баяндады.

«Жамбыл Жабаевтың биылғы мерейтойында айтулы ақынның өмірі мен шығармашылығын жалпы ұлт мақтанышы ретінде ғана қарастырмай, жас ұрпақтың тарихи танымын кеңейтіп, патриотизм мен отансүйгіштікке тәрбиелеудің ықпалды құралына айналдыру межеленіп отыр. Жамбыл құдіреті, оның дүние дидарына жайылған даңқы дала төсіндегі дара дәстүрді паш етті. Тек өз тіліндегі тұма жырмен сусындап өскен ақынның халық әдебиетін әлемдік деңгейге аспандатты. Бұл ерекшелікті Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Жамбылдың 150 жылдығына арналған салтанатты жиналыста сөйлеген сөзінде: «Жамбыл сан ғасырлық ақпа-төкпесуырып-салма ақындық өнердің, жыраулық дәстүрдің көшін ілгері апарып, осы заманға жеткізген және небір тарихи өзгерістерді сол үрдістен алшақ кетпей-ақ жырлай білген заңғар құбылыс»,- деп айшықты да анық айтқан.

Демек, Жамбыл жыры бізді далалық дәстүрлеріміздің жаңа замандарға да жақсы жарасатын қымбат қасиеттерін қадірлеуге, қастерлеуге үйрететін үлгі. Жыр алыбының 175 жылдық мерейтойын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді.

Соған орай, мерейтойлық жыл ішінде республика бойынша 500-дей әлеуметтік, имидждік, ғылыми, танымдық іс-шара өтеді. Бұдан бөлек, ақын өмірінен фильмдер түсіру, өлеңдерінің жаңа жинақтарын шығару, кітап көрмелерін ұйымдастыру, мерейтойлық монета, пошта маркасын әзірлеу т.б. іс-шаралар көзделіп отыр. Жамбыл поэзиясы өткен ғасырда да, жаңа ғасырда да небір сындардан өтіп, еркіндік сүйген өршіл халқының рухын көтеруде, ұлтымызбен бірге жасап келеді және мәңгілік жасай береді»,-деп айтты.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Қазақстан бірқатар елдерге гуманитарлық көмек берді

Next Post

Түркістандық еріктілер қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі