13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан бірқатар елдерге гуманитарлық көмек берді

27 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстан бірқатар елдерге гуманитарлық көмек берді
Share on FacebookShare on Twitter

Коронавирустық індетпен бірлескен күрес мақсатында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары кеңесіндегі (АӨСШК) қазақстандық төрағалық аясында гуманитарлық көмекті Ауғанстан, Ирак және Палестинаға табыстаудың ресми рәсімі өтті. Гуманитарлық көмектің демеушісі «HALYK» қайырымдылық қоры болды.

Қазақстан Сыртқы істер министрлігінің ғимаратында өткен салтанатқа Сыртқы істер министрінің Бірінші орынбасары Шахрат Нұрышев, АӨСШК Хатшылығының Атқарушы директоры Қайрат Сарыбай, «HALYK» Қайырымдылық қорының директоры Сағынбек Шункеев, Палестина Елшісі Мунтасер Абу Зейд, Ауғанстанның Уақытша сенімді өкілі Азизула Омар және Ирактың Уақытша сенімді өкілі Мохаммед Мохсин қатысты.

Рәсім барысында Ш.Нұрышев АӨСШК-тің «Эпидемиологиялық қауіпсіздік, қоғамдық денсаулық сақтау және фармацевтика» жаңа сенім шарасы аясында Қазақстан достық мемлекеттерге гуманитарлық көмек бөлуде, бұл халықаралық қоғамдастықта өзара қолдаудың ерекше қажеттілігін көрсететінін атап өтті.

Шет елдердің дипломатиялық миссияларының басшылары қиын уақытта құнды қолдау көрсеткені үшін ризашылықтарын білдіріп, АӨСШК-тің қоғамдық денсаулықты сақтау саласындағы сенім шараларын одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан қаласы әуежайынан жақында алғашқы халықаралық рейстер орындалады

Next Post

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай республика бойынша 500-дей іс-шара өтеді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі