13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Түркістандық еріктілер қайырымдылық шарасын ұйымдастырды

28 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Түркістандық еріктілер қайырымдылық шарасын ұйымдастырды
Share on FacebookShare on Twitter

  Түркістан облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының жанындағы еріктілер қайырымдылық шарасын өткізді. Ерікті жастар өңір басшысы Ө. Шөкеевтің «Қамқор» акциясын жалғастыруда. Жақсылыққа жаны құмар жандар облыс орталығындағы тазалық мекемесінің қызметкерлерімен жүздесіп, оларға ыстық сусындар мен тәтті нандар ұсынды.
Волонтерлер үшін ауа райының қолайсыздығы да кедергі емес. Айтуларынша, қала тазалығына жауапты қызметкерлерге көмектесу үлкен мәртебе. Сондықтан, «Қайырымдылық жасасаң — қайырын өзің көресің» деген тәмсіл жастардың басты ұстанымы.
Коммуналдық мекеменің мамандары да еріктілердің игі қадамына рахметін айтып, ризашылығын білдірді. Алғыс айту күніне орай ұйымдастырылған шара алдағы уақытта өз жалғасын табады. Және жастар қаланың белсенді азаматтарын қатарларына қосылуға шақырады.
Сондай-ақ, ерікті топ мүшелері тұрғындарды қала тазалығын сақтауға үндейді. Себебі,«Таза қала — қоғамның айнасы» екенін ескерген жөн. Туған қаламызға жанашырлық танытып, нағыз еңбек адамдарының бейнетін бағалағанымыз абзал.

Түркістан облысының қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ-нің баспасөз орталығы

Previous Post

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойына орай республика бойынша 500-дей іс-шара өтеді

Next Post

Түркістандық спортшылар ел біріншілігінде топ жарды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі