13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Мәди Манатбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

26 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Мәди Манатбекұлы жаңа қызметке тағайындалды
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды.

Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге келген.

Еңбек жолын 1998 жылы республикалық «Нартәуекел» газетінде тілшілік қызметтен бастаған. 1999 жылы қалалық «Шымкент келбеті» газетінде, 2000 жылдан бастап «Отырар» телеарнасында журналист болып қызмет атқарған, спорттық «Топжарған», қылмыстық «Оқиға ізімен» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі. 2001-2006 жылдары «Астана» телеарнасында жаңалықтар жүргізушісі, апталық ақпараттық-сараптамалық «Үш ширек», «Ашық әңгіме» бағдарламаларының авторы әрі жүргізушісі және 2006 жылы «31 арна» Астана қосынының тілшісі болып еңбек еткен.

2007 жылы «MARMILAT» жарнама агенттігінің директоры қызметін атқарған. 2008 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ жаңалықтар қызметінің жүргізушісі; 2010-2013 жыл аралығында «Қазақстан» РТРК» АҚ апталық ақпараттық-сараптамалық «Аptа.kz» бағдарламасының жүргізушісі; қоғамдық-саяси бағдарламалар бөлімінің жетекшісі; «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметтерінде болды.

2013 -2017 жылдары «BAQORDA media group» ЖШС Бас директоры, 2017-2018 жылдары «Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры, 2018-2019 жылдары «Отандастар Қоры» КЕАҚ-ы вице-президенті, 2019-2021 жылдары «Город Кино» ЖШС-нің бас продюсері, 2021 жылдың қаңтар айынан бүгінге дейін «Астана» радиосының директоры қызметін атқарған.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кзШымкент
Previous Post

«Nur Otan»: Түркістандық депутаттардың ықпалымен автобустар мен шағын көпір жаңартылды

Next Post

Бірінші наурыздан бастап мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді шақыру басталады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі