13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Бірінші наурыздан бастап мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді шақыру басталады

26 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Бірінші наурыздан бастап мерзімді қызметтегі әскери қызметшілерді шақыру басталады
Share on FacebookShare on Twitter

Он үш жарым мыңнан астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші көктемгі шақыру кезінде еліміздің Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады.

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында ҚР Қарулы Күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы полковник Сәкен Жүсіпов мәлімдеді.

Осы жылдың бесінші ақпанында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев шақыру науқанының басталуы туралы Жарлыққа қол қойды.

Қорғаныс ведомствосы әскерге шақыруды ағымдағы жылдың бірінші шілдесінде аяқтауды жоспарлап отыр.

Сәкен Жүсіпов коронавирус инфекциясының таралу қаупіне байланысты қорғаныс ведомствосы қабылдап жатқан алдын алу шаралары туралы хабардар етті. Ол сондай-ақ әскерге шақырылушылардан екі рет, яғни, әскерге шақыру кезінде және әскери бөлімдерге келген кезде құрама пункттерде ПТР-талдама алынатынын айтты. Жаңа шақырылушыларға екпе жүргізу қызмет өткеру орындарында ұйымдастырылады.

Қорғаныс министрлігінің өкілі хабарлағандай, биыл шақырылуға жататын азаматтарды хабардар етудің жаңа тәсілі қолданылатын болады. Пандемия жағдайында қарым-қатынасты азайту үшін цифрлық даму және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 1414 сервис қызметі пилоттық режимде SMS-хабарламалар жібереді.

Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмысы Департаментінің бастығы әскери қызмет – бұл әрбір жастың конституциялық міндеті екенін, ал оны өтуден жалтару қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікті көздейтінін еске салды.

— Ақша беру жолымен көмек көрсетуге уәде берген адамдардың көмегімен әскерге шақыруды кейінге қалдыру немесе босату мәселелерін шешуге тырыспаңыз. Бұл халықтың бейхабар екенін пайдаланып, онсыз да әскерге шақыруы кейінге қалдыруды қажет ететін істі қолға алатын алаяқтар, – деді қорғаныс ведомствосының өкілі.

Бопсалауда, не туындаған мәселелерді шешу ұзаққа созылған жағдайда полковник Сәкен Жүсіпов «Қарулы Күштер – адалдық алаңы жобалық офистеріне жүгінуді ұсынды. Әскерге шақыруға байланысты барлық рәсімдер кеңес бере отырып, барынша ашық форматта ұйымдастырылатынын мәлімдеді. Ол үшін жергілікті әскери басқару органдарында электрондық пошта жәшіктері мен әлеуметтік желілерде ресми аккаунттар құрылды.

Әскери қызметке шақыру тәртібі жөнінде білу үшін Қорғаныс министрлігінің сall-орталығына 8 (7172) 72 10 83, 72 16 06, 72 13 89; 72 13 82 телефондары арқылы хабарласуға болады.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Мәди Манатбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

Next Post

Түркістан қаласы әуежайынан жақында алғашқы халықаралық рейстер орындалады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі