13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

«Nur Otan»: Түркістандық депутаттардың ықпалымен автобустар мен шағын көпір жаңартылды

26 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
«Nur Otan»: Түркістандық депутаттардың ықпалымен автобустар мен шағын көпір жаңартылды
Share on FacebookShare on Twitter

Кентау қаласының тұрғындары Кентау-Байылдыр бағытындағы автобустарды жаңарту, қызмет сапасын жақсарту жөнінде өтініш білдірген болатын. Бұл түйткіл мәслихат депутаттығына үміткерлермен кездесулерде де   қозғалған. «Nur Otan» партиясы Кентау қалалық фрацкиясының мүшесі, депутат Ұ.Мұсаханова жергілікті әкімдікке аталған мәселе бойынша депутаттық сауал жолдады. Нәтижесінде депутаттың ұсынысы қабылданып, автобус мәселесі шешілді.

Бүгінде ара қашықтығы 10 шақырымға жуықтайтын Кентау-Байылдыр бағытында 2 жаңа шағын автобус жұмысқа кірісті. Автобустар 15-20 минут аралығында жүреді. Жол ақысы – 60 теңге. Тұрғындар дер кезінде өтінішке құлақ асып, мәселені шешуге мұрындық болған нұротандық депутаттарға ризашылықтарын білдірді. Осылайша, сайлауалды бағдарламаның Жол картасы бойынша өңірде қоғамдық көліктерді жаңғырту бағытындағы жұмыстар басталып кетті.

Түркістан облысында барлық деңгейдегі мәслихаттардағы 320 мандаттың 263-ін «Nur Otan» партиясының өкілдері иеленген. Бүгінде жетекші партия фракциясының өкілдері «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасын орындау бағытында нақты жұмыстар атқарып жатыр.

Сондай ізгі істің бірі Түркістан облысы, Қазығұрт ауданында атқарылды. Аудандық мәслихаттың жас әрі іскер депутаты Данияр Көбеев аудандағы Қонаев пен Жанысбеков көшелерінің қиылысындағы жаяу жүргіншілер көпірін өз қаражатына қайта жөндеуден өткізді. Жүруге қауіпті әрі ескі көпір жаңартылды. Қазығұрт ауданының бас имамы Мұрат Әлімбековтің бастамасын қолдаған жас депутаттың игі қадамын Түркістан облысының бас имамы Еркебұлан Қарақұлов та жоғары бағалады.

Жалпы Қазығұрт ауданында «Nur Otan» фракциясының депутаттары өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Бұған дейін де мәслихат депутаттарының көмегімен бірнеше отбасыға нақты көмек көрсетіліп, өтініштер оң шешілген болатын.

«Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

Previous Post

Шымкенттегі жалдамалы пәтерден әйелдің мәйіті табылды

Next Post

Мәди Манатбекұлы жаңа қызметке тағайындалды

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі