13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

ҚР ТЖМ ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ҰҰА БЕЛСЕНДІ ПАЙДАЛАНАДЫ

14 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
ҚР ТЖМ ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ҰҰА БЕЛСЕНДІ ПАЙДАЛАНАДЫ
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter
ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі төтенше жағдайларды бақылау және жою мақсатында жасанды интеллект (ЖИ) элементтері бар ұшқышсыз ұшу аппараттарын (ҰҰА) белсенді қолдана отырып, өз қызметіне заманауи технологияларды кеңінен енгізуді жалғастыруда. Бүгінгі таңда ТЖМ иелігінде 191 ұшқышсыз ұшу аппараты бар: 1 ұшақ түрінде, 4 гибридті және 186 мультироторлы түрінде. Оның ішінде 132 ҰҰА жасанды интеллект функцияларымен жабдықталған, бұл ашық жерлерді фотоға түсіруді, бейнелерді өңдеуді және жоғалған адамдарды жоғары дәлдікпен іздеуді тиімді жүзеге асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
2025 жылдың басынан бері ТЖМ бөлімшелері ұшқышсыз ұшу аппараттарын қолдана отырып 2180 операция жүргізіп, 43 адам құтқарылды. ҰҰА қолданудың негізгі бағыттарына аэровизуалды мониторинг, төтенше жағдайлар кезінде ақпаратты нақты уақыт режимінде беру, іздестіру-құтқару жұмыстары, төтенше жағдайлардың салдарын бағалау, өрт сөндіру, сондай-ақ алдын алу іс-шаралары жатады.
Жасанды интеллектіні оптикалық және телевизиялық жабдықтармен біріктіре пайдалану биіктікте және алыс қашықтықта нашар көрінетін нысандарды — адамдарды, көлік құралдарын, кемелерді анықтауға және бақылауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар оқиға орнында жергілікті жердің карталарын (ортофотожоспарларын) жасауға жол ашады. Бұл біртипті операцияларды орындауды едәуір жеңілдетіп, ден қою жылдамдығын арттырады.
Ұшқышсыз ұшу аппараттары ТЖМ табиғи өрт ошақтарын, мұздақ көлдерді, су басу аймақтарын және басқа да төтенше жағдайларды аэровизуалды бақылауда көмектеседі. Олар оқиға ауқымын жедел бағалауға және құтқарушылардың әрекеттерін үйлестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар аппараттар гидротехникалық құрылыстардың, орман алқаптарының және қауіпті учаскелердің жай-күйін алдын ала бақылау, сондай-ақ дрондарға орнатылған дыбыстық жүйелері арқылы халықты құлақтандыру мақсатында да қолданылады.
Министрлік ұшқышсыз ұшу аппараттарының паркін кеңейтіп, олардың функционалын заманауи технологияларды қолдану арқылы жетілдіруді жалғастыруда. Бұл төтенше жағдайларда қауіпсіздік деңгейін арттыруға және жедел ден қоюға елеулі үлес қосады.
Previous Post

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОҒАММЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ

Next Post

Құқықтық тәрбие – келешекке сенімді қадам

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі