13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Құқықтық тәрбие – келешекке сенімді қадам

14 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
Құқықтық тәрбие – келешекке сенімді қадам
7
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласындағы М.Сапарбаев атындағы «Парасат» колледжінде Шымкент қалалық полиция департаментінің қызметкерлері студенттерге арнап қауіпсіздік сабағын ұйымдастырды. Бұл – жас буынның құқықтық сауатын арттыру, олардың қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған кезекті іс-шара.

Полиция қызметкерлерінің айтуынша, қазіргі заманда жастар арасында орын алатын заңбұзушылықтардың алдын алу үшін олармен жүйелі түрде түсіндіру жұмыстарын жүргізу маңызды. Әсіресе интернет желісіндегі алаяқтық, кибербуллинг, бөгде адамдармен байланыс кезіндегі қауіптер сынды мәселелерді дер кезінде көтеріп, олардың салдарын түсіндіру – болашақта құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жолы.

Сабақ барысында тәртіп сақшылары студенттерге күнделікті өмірде кездесетін түрлі қауіп-қатерлер туралы нақты мысалдар келтіріп, түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, интернетте жеке мәліметтерді жария етудің салдары, бейтаныс адамдармен байланыс орнату кезіндегі сақтық шаралары, түнгі уақытта үйден тыс жерде жүрудің қаупі сынды мәселелер кеңінен қамтылды.

Сонымен қатар құқық қорғау органдарының өкілдері кәмелетке толмағандардың қылмыстық жауапкершілігі туралы айтып, заң талаптарын сақтаудың маңызын ескертті. Жастармен ашық диалог форматында өткен кездесуде студенттер өздерін мазалаған сауалдарын қойып, полиция қызметкерлерінен нақты әрі пайдалы жауаптар алды.

СТУДЕНТТЕРДІҢ БЕЛСЕНДІЛІГІ ҚУАНТАДЫ
Колледж басшылығы аталған шараның білім алушылар үшін өте пайдалы әрі маңызды екенін атап өтті. Мұндай кездесулер жасөспірімдер арасында құқықбұзушылық деңгейін төмендетуге, олардың қоғамдағы жауапкершілігін арттыруға және құқықтық мәдениетті қалыптастыруға мүмкіндік береді.

— «Бүгінгі дәрісте біз жастарымыздың белсенді қатысқанын көріп, қуандық. Олар өз құқықтары мен міндеттері туралы білуге ынталы. Бұл – қоғам үшін жақсы белгі», – дейді колледждің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Айгүл Жанатқызы.

ПОЛИЦИЯ ҚЫЗМЕТІ — ҚОҒАММЕН БІРЛЕСІП ЖҰМЫС ІСТЕУ
Полиция департаментінің мамандары осындай кездесулерді алдағы уақытта да жиі өткізуді жоспарлап отыр. Бұл – құқық қорғау органдары мен білім беру ұйымдарының арасындағы өзара әрекеттестікті нығайтудың, сондай-ақ қоғамда қауіпсіздікті қамтамасыз етудің тиімді тетігі.

— «Жастармен ашық және еркін форматта жұмыс істеу бізге де, оларға да пайдалы. Біздің басты міндетіміз – олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету ғана емес, сонымен бірге құқықтық сауаттылығын арттыру арқылы саналы азамат етіп тәрбиелеу», – дейді Шымкент қаласы Полиция департаментінің ювеналды полиция бөлімінің инспекторы Мейрамбек Жұмабай.

Полиция департаменті алдағы уақытта тек колледждерде емес, қала мектептерінде де осындай профилактикалық шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр. Бұл бастама арқылы олар құқық бұзушылықты азайтып, жастардың өмір сүру сапасын арттыруды көздейді.

Қоғамның қауіпсіздігі – әрбір азаматтың жауапкершілігі мен құқықтық сауаттылығына тікелей байланысты. Ал бұл бағыттағы жұмыстар, әсіресе, жастар ортасында жүйелі түрде жүргізілуі тиіс.

Previous Post

ҚР ТЖМ ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ҰҰА БЕЛСЕНДІ ПАЙДАЛАНАДЫ

Next Post

В Шымкенте полицейские провели урок безопасности для студентов колледжа

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі