13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

АБАЙ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОҒАММЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ

14 октября, 2025
in Жаңалықтар
0
АБАЙ АУДАНЫНЫҢ АРДАГЕРЛЕРІ ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОҒАММЕН БІРГЕ ТАЛҚЫЛАДЫ
8
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласында 2025 жылғы 14 қазанда Абай аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылауға арналған кең көлемдегі жиын өтті. Басқосу Тәшенов университетінің мәжіліс залында өтті.

Маңызды жиынға аудан ардагерлері, жоғары оқу орындары мен колледж студенттері, жастар ұйымдарының белсенді өкілдері қатысты. Барлығы 150-ге жуық азамат қатысқан жиын барысында Мемлекет басшысының Жолдауы жан-жақты сараланып, ел болашағы үшін маңызды бастамалар кеңінен талқыланды.

Жиынның басты мақсаты – Президент Жолдауында көрсетілген басым бағыттарды кең аудиторияға түсіндіру және қоғамның түрлі буыны арасындағы байланысты нығайту болды. Бұл бағытта ардагерлер мен жастар арасында ашық диалог орнап, өзара пікір алмасу өрбіді.

Жиында сөз алған Шымкент қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Кенжехан Төлебаев Президент Жолдауының стратегиялық мәніне ерекше тоқталды:

«Бүгінгі жиында біз Мемлекет басшысы айқындаған ел дамуының негізгі стратегиялық бағыттарын талқылап отырмыз. Президент Жолдауын үстірт шолып өтпей, оның әрбір бастамасын терең түсініп, күнделікті қызметімізде басшылыққа алуымыз қажет. Бұл құжатты еліміздің болашағын айқындайтын басты бағдар ретінде қарауымыз керек», – деді ол.

Сонымен қатар, ол жасанды интеллект дәуірінде ұлттық болмысты сақтап, ұрпаққа ұлттық құндылықтарды сіңірудің маңыздылығын да атап өтті. Бүгінгі таңда ақпарат пен технологияның даму қарқынына ілесу қажет екендігі және сонымен қатар, рухани тұрақтылықты сақтаудың қажеттілігі баса айтылды.

Кездесу барысында Жолдауда көрсетілген үш жылдық экономикалық даму жоспары, әлеуметтік әділеттілік орнату, білім беру сапасын арттыру, денсаулық сақтау саласындағы реформалар, өңірлік дамуға серпін беру секілді нақты бағыттар қозғалды.

Қатысушылар сөз алып, білім беру жүйесін дамыту, жастарды жұмыспен қамту, ғылымға инвестиция тарту, жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды өндіріске енгізу жөніндегі ой-пікірлерін ортаға салды.

 Жиын соңында ардагерлер мен жастар Мемлекет басшысы алға қойған міндеттерді іске асыруда әр азаматтың белсенділігі мен азаматтық жауапкершілігі маңызды екенін атап өтті. Ел дамуына үлес қосу – әрбір қазақстандықтың борышы екендігі айтылды.

 Абай ауданында өткен бұл жиын – Мемлекет басшысының Жолдауын қоғамның әртүрлі өкілдерімен талқылау арқылы елдік мүддеге ортақ үн қосуға бағытталған маңызды қадам. Мұндай кездесулер ел азаматтарының саяси процестерге қатысуына жол ашып, мемлекеттік бастамалардың тиімді жүзеге асуына серпін беретіні сөзсіз.

Previous Post

ШЫМКЕНТ: Жаңа салық кодексі мен тарифтік саясатты түсіндіру мақсатында кәсіпкерлермен кездесу өтті

Next Post

ҚР ТЖМ ҚҰТҚАРУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫНЫҢ ТИІМДІЛІГІН АРТТЫРУДА ҰҰА БЕЛСЕНДІ ПАЙДАЛАНАДЫ

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі