13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қазақстан Сербияға экспортты 250 миллион долларға арттыра алады

24 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қазақстан Сербияға экспортты 250 миллион долларға арттыра алады
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасының Президенті Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер мен Сербия Республикасы арасындағы еркін сауда туралы келісімді ратификациялау туралы Заңға қол қойды. Келісім 2019 жылғы 25 қазанда жасалды. Тауарлардың көпшілігі бойынша Келісім күшіне енгеннен кейін ЕАЭО елдері мен Сербия арасында бажсыз сауда режимі белгіленеді. Бұл қазақстандық тауарлар үшін серб нарығына қолжетімділікті айтарлықтай жеңілдетуі тиіс.

«Келісім тауар номенклатурасының 93%-і бойынша кедендік әкелу баждарын өзара алып тастау және бірқатар тауарларды бажсыз әкелуге квота беру арқылы Сербиямен сауда шарттарын ырықтандырады. Бұл ретте, ұлттық өндірушілерді қорғау үшін Тараптар құс еті, қант, маталар, компрессорлар, көлік құралдары сияқты аса сезімтал тауарлар бойынша импорттық баждарды қолдану мүмкіндігін қарастырды», — деп Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министрі Ж.Кушукова атап өтті.

«Біз қазақстандық тауарлардың Сербияға экспортын ұлғайту әлеуетін шамамен 250 млн. АҚШ долларына бағалаймыз. Бұл мұнай-химия, металлургия, тамақ, машина жасау, өнеркәсіптің химия салаларының тауарлары, сондай-ақ құрылыс материалдары», — деп түсіндірді вице-министр. «Әлеуетті іске асыру отандық өндірушілердің белсенділігіне байланысты болады,»- деп атап өтті соңында вице-министр.

Сербия Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болып табылмайды, алайда осы Келісім шеңберінде санитариялық және фитосанитариялық шаралар, саудадағы техникалық кедергілер, зияткерлік меншік, дауларды шешу, электрондық коммерция және т.б. салаларда халықаралық стандарттарды қолдануға кепілдік береді. Бұл серб нарығында қазақстандық тауарлардың болжамдылығына және негізсіз шектеулердің қолданылмауына кепілдік береді.

Тұтастай алғанда, осы Келісімді іске асыру Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Сербия Республикасы арасындағы сауда байланыстарын дамытуға және нығайтуға, Тараптардың өзара сауда көлемінің көрсеткіштерін ұлғайтуға ықпал ететін болады, қазақстандық тауарларды Сербия нарығына ілгерілету үшін қолайлы жағдайлар жасайды.

Анықтама: Қазақстан мен Сербия арасындағы тауар айналымы 2020 жылы 15,7 млн. АҚШ долларын құрды. Қазақстаннан Сербияға экспорт 1,8 млн. АҚШ. долларын құрады. Қазақстанға Сербиядан Импорт-13,9 млн. АҚШ долларын құрады.

 

Previous Post

Әуе қорғанысы күштері күтпеген жерден тексерілді

Next Post

Шымкентте 417 шақырым жол жөнделді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі