13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Әуе қорғанысы күштері күтпеген жерден тексерілді

24 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Әуе қорғанысы күштері күтпеген жерден тексерілді
Share on FacebookShare on Twitter

Алматы гарнизонының әскери бөлімдерінде жауынгерлік кезекшіліктің ахуалына, әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйелерін өрістетуге, авиациялық топтардың әзірлігіне, әскерлер қызметіне, жауынгерлік даярлық пен материалдық-техникалық қамтамасыз етуге ерекше назар аударылды.

Осыған байланысты әскери бөлімдер жауынгерлік оқу-жаттығу міндеттерді орындай отырып, жауынгерлік даярлықтың жоғары деңгейіне келтірілді. Сонымен қатар, барлық тексерілетін бөлімшелермен бақылау сабақтары өткізілді.

Қауырт тексеру барысында әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің бөлімшелері қарсыластың әуе мақсаттарын анықтау және шартты түрде жою жөніндегі іс-қимылдарды, ал авиация базасының инженерлік-техникалық құрамы мен қамтамасыз ету күштері авиация техникасын жауынгерлік оқу-жаттығу ұшуларына дайындау жөніндегі іс-шараларды пысықтады. Ұшу құрамы ұшу дағдыларын, нысанды дәлдеу ептілігін және шартты қарсыласты жоюды, сондай-ақ жауынгерлік ұшуды орындауды бағалады.

— Аталған тексеру Алматы гарнизонының Әуе қорғанысы күштері әскери бөлімдерінің жеке құрамы елдің әуе шебін күзетудегі жүктелген міндеттерді орындауға дайын екенін көрсетті. Бұл жеке құрамның жауынгерлік дағдысын, әскери бөлімдердің қойылған міндеттерді қысқа мерзімде орындауға дайындығын, сондай-ақ жауынгерлік даярлық деңгейі мен бөлімшелердің үйлесімдігін жан-жақты бағалау, — деді авиация генерал-лейтенанты Нұрлан Орманбетов.

Күтпеген жерден тексеруді ҚР ҚК Әуе қорғанысы күштері Бас қолбасшысының комиссиясы жүзеге асырды.

Дереккөз: https://www.gov.kz/memleket/entities/mod/press/news/details/164437?lang=kk 

 

Tags: 13кз
Previous Post

Қала әкімі тұрғындарды онлайн режимде қабылдады

Next Post

Қазақстан Сербияға экспортты 250 миллион долларға арттыра алады

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі