13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қала әкімі тұрғындарды онлайн режимде қабылдады

23 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қала әкімі тұрғындарды онлайн режимде қабылдады
Share on FacebookShare on Twitter

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов азаматтарды онлайн режимде қабылдады. Бүгінгі қабылдау ашық есік форматында, жылдық есеп беру кездесудің алдында ұйымдастырылып отыр.

Тұрғындар инфрақұрылым, инженерлік жүйелер, баспанамен қамту, қоғамдық көлік, абаттандыру мәселелерін көтерді.

Мұрат Дүйсенбекұлы жалпы 24 адамның арыз-шағымын тыңдап, орынбасарларына, басқарма басшыларына тиісті тапсырмалар берді.

Еңбекші ауданы Бадам-1 шағынауданының тұрғыны Ақылбек Тұрсынбаев Қапал батыр көшесі бойында «Алем Строй-1» мердігер мекемесінің жолды қалпына келтіру жұмыстары сапалы орындалмай жатқанына наразылығын жеткізді. Тоғыс тұрғын алабындағы кәріз жүйелерінің құрылысы кезінде жер жұмыстары жүргізілген аумақ жобаға сай қайта қалпына келтірілген. Алайда қосымша шағал тас төсеу қажеттілігі анықталып, «Алем Строй-1» ЖШС өз есебінен тас төсеу жұмыстарын атқарды.

Қала әкімі мердігер мекеме тарапынан жолды қалпына келтіру жұмыстарының сапалы атқарылуы қатаң бақылауға алынатын мәлімдеді.

Еңбекші ауданы Пахтакор-2 шағынауданы Машат көшесінің тұрғыны Аманжол Тілемісов көшені жарықтандыру, кәріз жүйесі мәселелерін алға тартты.

Шаһар басшысының айтуынша, Ұлағат шағынауданына кәріз жүйелерінің құрылыс жұмыстары жоспарға сәйкес, 2021 жылдың наурыз айында басталып, 2022 жылы аяқталады. Ал жарықтандыру жобасының жобалау сметалық құжаттамасын әзірлеу жұмыстары энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының 2022-2023 жылдардағы жоспарында қарастыру туралы тапсырма берілген.

Абай ауданы Ақниет шағынауданы тұрғыны Иманәлі Рысқұлбеков кәріз және ирригация жүйелерінің мәселелерін қозғады.

М. Әйтенов тұрғын алаптар мен елдімекендерді кәрізбен қамтамасыз ету жұмыстарының жобалау сметалық құжаттамалары сараптамадан шыққан соң қаржы бөлу мәселесін қарастыруды Мәулен Зарлықұлына жүктеді.

Сондай-ақ, қабылдауда Абай ауданы Карл Маркс елдімекені тұрғындары қоғамдық көлік, Абай ауданы Арыстан баб көшесі тұрғындары автовокзалдағы такси қозғалысын реттеуді сұрады.

Тұрғындардың баспана мәселесі бойынша да толыққанды жауап берілді.

 

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Жайылым жердің көлемі 742 мың гектарға артады

Next Post

Әуе қорғанысы күштері күтпеген жерден тексерілді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі