13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Шымкентте 417 шақырым жол жөнделді

24 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Шымкентте 417 шақырым жол жөнделді
Share on FacebookShare on Twitter

Бұл туралы Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов 2020 жылдың қорытындысы бойынша онлайн форматта халық алдында есеп беру кездесуінде мәлімдеді.

«2020 жылы Шымкент қаласында 417 шақырым жолға құрылыс және жөндеу жұмыстары жүргізілді. Жалпы саны 229 көше жөнделді. Бұл көрсеткіш 2019 жылмен салыстырғанда 3 есеге артық. Жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 60 %-ға жетті. Былтыр 4 көпір жөнделіп, 4 көпір салынды», — деді қала әкімі.

Одан бөлек, биыл 109 көше жөнделіп, жақсы және қанағаттанарлық жолдардың үлесі 63 %-дан асады. Д.Қонаев даңғылындағы жөндеу жұмыстары жалғасын табады.

«Биыл Д.Қонаев даңғылын жалғастырамыз. 18 шақырымнан астам жол жөнделеді. 31 шақырымнан астам құрайтын А-2 айналма жолының қайта құру жұмыстары жүргізіледі. Аталған жолдардың құрылысын 2024 жылға дейін пайдалануға беру көзделуде. Нәтижесінде, Алматы-Ташкент бағытындағы тас жолды байланыстырады және қаланың транзиттік әлеуеті артады», — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

Сондай-ақ, жыл соңына қарай Т.Рысқұлов пен Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы жолайрықтың құрылысы аяқталады. Биыл Бәйдібек би – Ұ.Арғынбеков, келер жылы Н.Назарбаев және Ә.Назарбеков даңғылдарындағы жолайрықтың құрылыс басталады.

Шымкент қаласының Ақпараттық-коммуникациялық орталығы

 

Previous Post

Қазақстан Сербияға экспортты 250 миллион долларға арттыра алады

Next Post

Мұрат Әйтенов Шымкент қаласын дамытудың 5 ортақ мақсатын атап өтті

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі