13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат

8 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат
6
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

«Қазақстан – әлем қауымдастығының ажырамас бөлігі. Мемлекетіміз Еуразия құрлығының дәл ортасында орналасқан. Қазіргі заман бұлыңғыр, тұрақсыз болса да, біз бәріміз жаппай цифрландыру және жасанды интеллект дәуіріне қадам бастық. Менің негізгі мақсатым – осындай түрлі қатерге толы кезеңде еліміздің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуын және қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өскелең ұрпақ бақытты, берекелі өмір сүруге тиіс. Сол үшін бәріміз бір ұлт болып, табанды еңбек етуіміз керек. Бұл – баршамызға ортақ өте маңызды жұмыс, аса жауапты азаматтық және ұлттық міндет. Жұмысымыз қаншалықты күрделі болса да, біз міндетті түрде табысқа жетуіміз керек. Басқа жол жоқ. Себебі, бұл – еліміздің болашағы, халқымыздың тағдыры. Сондықтан барлық реформаны салмақты көзқараспен, мұқият, жан-жақты ойластырып, сапалы түрде жүзеге асыруымыз керек», – деді Мемлекет басшысы Жолдауында.

Заман ағымынан қалыс қалмау, қазіргі жаһандық сын-қатерлер дәуірінде цифрландыру мен жасанды интеллекттің дамуына ілесу – еліміздің тұрақтылығы мен қауіпсіздігі үшін аса қажет қадам.

Бүгінгі жас – ертеңгі ел тізгінін ұстайтын болашақ көшбасшы. Олардың жан-жақты дамуына жағдай жасау  үлкен жауапкершілік. Қазіргі таңда тек білім ғана емес, оны өмірде қолдана білу, технологиямен тіл табысу қабілеті маңызды. Сондықтан балалар мен жастардың шығармашылығын, ғылымға деген қызығушылығын, кәсіпкерлік бастамаларын жан-жақты қолдау қажет.

Бәсекеге қабілетті ұлт – сапалы білім мен саналы тәрбие арқылы қалыптасады. Бұл жолда ұстаздар мен ата-аналардың, қоғам мен мемлекеттің мүддесі бір арнада тоғысуы керек. Өйткені өскелең ұрпақ – Тәуелсіз Қазақстанның тірегі. Олардың өмірі берекелі, болашағы жарқын болсын десек, әрбір азамат өз ісіне жауапкершілікпен қарауы тиіс.

Бүгінгі қабылданатын шешімдер – болашақ ұрпақтың тағдырына тікелей әсер етеді. Сол себепті барлық реформа терең талданып, ұзақ мерзімді табысқа бағытталуы шарт. Ел болып еңсе тіктеу – бірлікте ғана жүзеге асады.

Previous Post

ПРЕЗИДЕНТ: Экологиялық ағарту ісі-ұлттық идеологияның өзегі

Next Post

Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі