13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры

8 сентября, 2025
in Жаңалықтар
0
Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры
4
VIEWS
Share on FacebookShare on Twitter

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған Жолдауында қоғамдағы тәртіп пен заң үстемдігін нығайту – мемлекеттің тұрақтылығы мен дамуының басты тірегі екенін атап өтті.

Мемлекет басшысының айтуынша, бұл бағытта барлық құзырлы органдар арасында ортақ көзқарас пен ұстаным болуы шарт. Ең алдымен, ешқандай құқық бұзушылыққа жол бермеу, яғни кез келген заңсыздыққа жедел әрі батыл түрде қарсы тұру қағидасы басымдыққа ие болуы тиіс.

«Мемлекеттік органдардың осы бағыттағы жұмысын барынша қолдау қажет. Сонда ғана елімізде құқық бұзушылыққа, озбырлық пен зорлық-зомбылыққа қарсы сана-сезім қалыптасады. Қоғамда мұндай әрекеттерге төзбеушілік ахуалы орнығады», – деді Президент.

Соңғы жылдары қоғамдық орындарда, жол бойында немесе көлік қозғалысы кезінде дөрекілік, ерегіс, тіпті жанжал шығару сияқты келеңсіз көріністер жиілеп кеткені жасырын емес. Мемлекет басшысы бұған да назар аударып, қоғамдық тәртіпті бұзатын әрекеттердің еліміздің халықаралық беделіне кері әсер ететінін ескертті.

«Өкінішке қарай, қоғамдық орындарда айқай-шу шығарып, балағат сөздер айтатын әйел адамдар да кездесіп жатады. Бұл – мәдениетті, өркениетті қоғамға мүлде жат әрекет», – деді Қ.Тоқаев.

Президент ұлттың дамуы мен ұрпақтың тәрбиесі жеке адамның өзінен басталуы тиіс екенін айтты. Осы ретте ұлы Абайдың «Біріңді қазақ, бірің дос, көрмесең істің бәрі бос» деген сөзін мысалға келтіріп, қоғамдық мәдениеттің негізі – әдеп пен тәрбиеде екенін алға тартты.

«Озық ойлы ұлт болу үшін мұндай жағымсыз әдеттерден түбегейлі арылуымыз керек. Мәдениет пен тәрбие – әр отбасы мен әр азаматтың жауапкершілігі», – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар Президент қазіргі күрделі геосаяси жағдайда еліміздің егемендігін, аумақтық тұтастығын қорғау үшін бірлік пен ішкі тұрақтылықтың маңызын ерекше атап өтті.

«Халқымыз тату болса, ішкі ахуал тұрақты болса, біз барлық қиындықты жеңеміз. Кез келген кедергіден өте аламыз. Сондықтан ел тыныштығын бағалай білейік, оны сақтай білейік», – деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент патриотизм ұғымының бүгінгі мазмұнына да тоқталды. Оның айтуынша, қазіргі патриотизм – тек дәстүрлі құндылықтармен шектелмейді. Тіл, мәдениет, руханият ұлттық мүдденің өзегі болғанымен, бүгінгі таңда оған заңға бағыну, қоғамдық тәртіпке мойынсұну, мемлекетке деген жауапкершілік те кіреді.

«Әрбір азамат мемлекетшіл, отаншыл болуы керек. Ұлттық құндылықтар – біздің болмысымыздың арқауы. Оны бізден ешкім тартып ала алмайды. Сондықтан алаңдауға еш негіз жоқ», – деді Президент.

 

Previous Post

Өскелең ұрпақтың бақыты мен берекелі өмірі – ортақ мақсат

Next Post

ӨСКЕЛЕҢ ҰРПАҚТЫҢ БОЙЫНДАҒЫ ПАТРИОТИЗМ – БОЛАШАҚҚА ДЕГЕН ШЫНАЙЫ ҰМТЫЛЫС

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі