13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Жібек жолы кеден бекетінде есірткі заттарымен ұсталған төрт факті тіркелді

17 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Жібек жолы кеден бекетінде есірткі заттарымен ұсталған төрт факті тіркелді
Share on FacebookShare on Twitter

Түркістан  облысы бойынша  Мемлекеттік кірістер департаментінің мәліметінше , осы жылдың қаңтар және ақпан айында Жібек жолы кеден бекетінде  шекарадан  есірткі заттарын алып өтпекші болған төрт оқиға тіркелді.

Осы жылдың 25 қаңтарында тіркелген оқиға бойынша  «Жібек жолы» кеден бекетінде  департамент қызметкерлері ҚР ҰҚҚ өкілдерімен бірлесе тексеру барысында 1977 жылы туылған Өзбекстан азаматын ұстады. Қызметтік иттердің көмегімен оның аяқ шұлықтарының ішінен айырықша иісі бар өсімдік күдікті зат ретінде табылды. Ал 8 ақпан күні дәл осы кеден бекетінде Өзбекстан Республикасына өту бағытындағы жолаушылар терминалында тексеру кезінде қызметтік иттің көмегімен 1960 жылы туылған көрші елдің азаматы ұсталды.Оның сырт киімінің қалтасынан полиэтилен пакетіне оралған жасыл түсті иісі бар зат табылған.

Сондай ақ 11 ақпан күні «Жібек жолы» кеден бекетінде тағы осындай жағдай орын алған. Департамент пен ҚР ҰҚК қызметкерлерімен бірлесе жүргізген тексеру нәтижесінде 1981 жылы туылған Қазақстан Республикасы Маңғыстау облысының тұрғынынан қағазға скотчпен оралған күдікті зат табылды.

Осы күні тағы да есірткі тасымалдаушыға қатысты оқиға тіркелді. Тәжікстан Республикасының азаматы іш киіміне жасырынған есірткі затын шекарадан алып өтпекші болған жерінен ұсталды. Полиэтилен пакеттің ішінде ақ қағазға оралған жасыл түсті иісті зат болған.

Осы төрт факті бойынша жүргізілген сот сараптама жұмыстарының нәтижесінде бұл заттардың бәрі кептірілген марихуана, гашиш секілді есірткі заттар екені анықталды. Қазіргі таңда жоғарыда аталған оқиғалар бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің баспасөз қызметі

Tags: 13kz13kz.kz13кзТүркістанТүркістан облысы
Previous Post

Қаңтар айында қазақстандық шаруалар 170 млрд теңгенің өнімін өндірді 

Next Post

Қазақстандық экспорт Башқұртстанға шығуда

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі