13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Жаңалықтар

Қаңтар айында қазақстандық шаруалар 170 млрд теңгенің өнімін өндірді 

17 февраля, 2021
in Жаңалықтар
0
Қаңтар айында қазақстандық шаруалар 170 млрд теңгенің өнімін өндірді 
Share on FacebookShare on Twitter

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Үкімет отырысында 2021 жылдың қаңтар айындағы агроөнеркәсіп кешенінің даму динамикасы туралы хабарлады

Министрдің ақпараты бойынша, ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі қаңтар айында 2,5%-ға артып, 170 млрд теңгеден асқан. Өсім мал шаруашылығындағы өндіріс көлемінің 2,7%-ға, яғни, 158,4 млрд теңгеге дейін ұлғаюы есебінен қамтамасыз етілді. Биыл жылдың алғашқы айында сойылған мал еті өндірісі 5,3%-ға, сүт өндірісі 3,8%-ға өсті. Қаңтар айында 10,2 млрд теңгеге өсімдік шаруашылығы өнімі өндірілді. Жалпы өсім көлемі жылыжай шаруашылықтарына тиесілі.

Азық-түлік өндірісі қаңтар айында 0,8%-ға, яғни, 142,1 млрд теңгеге дейін өсті. Атап айтқанда, өсімдік майының өндірісі 26,7%-ға (33 тоннадан 42 мың тоннаға дейін), қызылша қанты 25,1%-ға (4,6-тоннадан 5,8 мың тоннаға дейін), сары май 16,3%-ға (1,4 мың тоннадан 1,6 мың тоннаға дейін), өңделген сүт 3,2%-ға (48,2 мың тоннадан 49,7 мың тоннаға дейін), ірімшік пен сүзбе 0,8%-ға (2 358-тоннадан 2 377 тоннаға дейін) ұлғайды.

Сондай-ақ ведомства басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2021 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы да хабарлады.

Биыл жалпы ауыл шаруашылығы өнімінің өсімін 105%-ке, тамақ өнімдері өндірісінің өсімін 107% деңгейіне жеткізу жоспарланып отыр.

Жоспарлы индикативтерге ішкі нарықты әлеуметтік маңызы бар азық-түліктермен толықтыру және Қазақстан агроөнеркәсіп кешенінің бәсекеге қабілеттілігін арттыру жөнінде шаралар қабылдаудың нәтижесінде қол жеткізіледі. Бұл үшін АӨК субъектілерін мемлекеттік қолдау, оның ішінде инвестициялық субсидиялау, өсімдік шаруашылығы мен мал шаруашылығын субсидиялау жұмыстары жалғасатын болады. Бұл мақсатқа шамамен 309 млрд теңге бөлінеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, СҚО-да дәнді дақылдарды, Ақмола облысында майлы дақылдарды, Ақтөбе және Алматы облыстарында ет өндіру және қайта өңдеу бойынша экожүйелерді құруға бағытталған инвестициялық жобалар іске асырылады.

Бұдан бөлек, импортты алмастыру мақсатында биыл 35 тауарлы сүт фермасын (жалпы қуаты 131 мың тонна сүт), 2 мың гектардан астам бақша (өндірістік қуаты жылына 73,5 мың тонна алма), 3 ет комбинатын (қуаты 45 мың тонна ет өнімдері), 5 құс фабрикасын (қуаты 42 мың тонна), балық өндіретін 4 нысанды (жалпы қуаты 8 мың тоннаға жуық балық) іске қосу жоспарланған. Сонымен бірге, өндірістік қуаты 150 мың тонна болатын қант зауытының құрылысы басталады. Жалпы, 2021-жылы түрлі бағыттағы 79 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланып отыр.

Сонымен қатар, Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын бастап кетті. Жоспар бойынша биыл жалпы егіс алқабы қосымша 86,4 мың гектарға ұлғайып, 22,7 млн гектарға дейін жететін болады. Майлы, азықтық, көкөніс-бақша дақылдарының, сондай-ақ қарақұмық пен қант қызылшасы сияқты әлеуметтік дақылдардың алқаптарын ұлғайту жоспарланған. Ал, бидай, күріш және мақта сияқты монодақылдар мен ылғалды көп қажет ететін дақылдар егілетін алқаптар қысқартылады.

«Көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін фермерлер 70 млрд теңгенің жеңілдетілген несиесімен, сондай-ақ 380 мың тоннаға жуық көлемде 11%-ға арзандатылған жанар-жағар маймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, фермерлерге көмек ретінде 350 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу жоспарлануда. Тұқым шаруашылығын субсидиялауға 11,8 млрд теңге бөлінеді. Бұл сапалы тұқымға қол жеткізу мүмкіндігін арттырады. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу министрліктің ерекше бақылауында болады», — деді министр.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Түркістан облысында жыл басында 35 мыңға жуық ПТР тест жасалған

Next Post

Жібек жолы кеден бекетінде есірткі заттарымен ұсталған төрт факті тіркелді

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі