13kz.kz
КАЗ
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Қоғам
  • Cаясат
  • Мәдениет
  • Экономика
  • Білім
  • Туризм
  • Спорт
  • Әлемде
  • 13KZTV
No Result
View All Result
13kz.kz
No Result
View All Result
Home Экономика

Қазақстандық экспорт Башқұртстанға шығуда

17 февраля, 2021
in Экономика
0
Қазақстандық экспорт Башқұртстанға шығуда
Share on FacebookShare on Twitter

Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының өңірлері арасындағы сауда-экономикалық қатынастарды кеңейту шеңберінде Башқұртстан Үкіметінің қолдауымен Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Сауда өкілдігі 2021 жылы қазақстандық экспортқа бағдарланған компаниялар үшін алғашқы онлайн бизнес-миссиясын ұйымдастырды.

Іс-шараға қатысушылар: Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің, Қазан қаласындағы ҚР Бас консулдығының өкілдері, «QazTrade» сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ, «Самұрық-Қазына» АҚ, «KazakhExport» ЭСК АҚ, сондай-ақ қазақстандық «Magnum», «Южный» және «Корзинка» сауда желілерінің өкілдері. Башқұртстан Республикасы Үкіметінің тарапынан РБ Сауда және қызмет көрсету министрінің орынбасары, РБ Сыртқы экономикалық байланыстар және Конгресс қызметі жөніндегі мемлекеттік комитетінің төрағасы, РБ Сауда-өнеркәсіп палатасының, Әлеуметтік тамақтану кәсіпорындары қауымдастығының өкілдері, сондай-ақ Башқұртстан өңірлік сауда желілерінің өкілдері қатысты.

Онлайн бизнес миссиясы аясында шикізаттық емес салалардағы 24 қазақстандық компания таныстырылды. Сондай-ақ, бизнес-миссия бағдарламасына сыртқы сауда келісімшарттары мен келісімдеріне қол қою мақсатында осы компаниялардың Башқұртстандағы әлеуетті контрагенттермен В2В-келіссөздері енгізілген болатын.

Қазақстан компанияларының тұсаукесерлерін өткізу барысында Башқұртстан өкілдері азық-түлік тауарларын өзара жеткізуге қызығушылық танытты, қазақстандық өнімдерге, әсіресе «Халал» сертификатымен шығарылған өнімдерге сұраныстың өсіп келе жатқанын атап өтті.

Tags: 13kz13kz.kz13кз
Previous Post

Жібек жолы кеден бекетінде есірткі заттарымен ұсталған төрт факті тіркелді

Next Post

Елімізде жыл сайын автокөліктерде 2 мыңнан аса өрт тіркеледі

Добавить комментарий Отменить ответ

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Барлық құқықтары қорғалған.
2020 жылдың 25 ақпанындағы
№KZ66VPY00020666 куәлігі

     13kz.kz ақпарат агенттігі

Сайт әкімшілігі материалды
көшіріп басу кезінде 13kz.kz
сайтына тікелей гиперсілтеме
көрсетуді талап етеді


Сайттың ескі нұсқасы.
No Result
View All Result
  • Жаңалықтар
  • Cаясат
  • Қоғам
  • Билік
  • Экономика
  • Туризм
  • 13KZTV
  • Әлемде

13kz.kz ақпарат агенттігі